Алматыда алғаш рет регби-15 Азия чемпионаты өтеді

Мамыр айының 16-ы  күні сағат 11:00 «Ramada Plaza» қонақ үйінде Азия чемпионатына арналған  баспасөз мәслихаты  ұйымдастырылады. Айта кетсек, осы күні, сағат 14.30 Қазақстан Республикасының бірінші Президенті спорттық кешенінде чемпионаттың салтанатты ашылуы рәсімі өтеді.

Байрақты бәсекеге Қазақстан, Монғолия, Пәкістан, Қырғызстан елдері қатысады. Бұл тек шаһарымыз үшін ғана емес, еліміз үшін елеулі оқиға. Осындай халықаралық деңгейдегі бәсекелер Алматы қаласының  даңқын асқақтатып, елімізді алдыңғы қатардағы спорттық орталықтардың бірі ретінде бүкіл әлемге танытары сөзсіз.

2016 жылы регби Олимпиадалық спорт түрлеріне кірген болатын. Қазақстан ұлттық құрамасы Азия елдерінің арасында тұрақты жеңімпаз, ал әлем бойынша үздік 30 елдер қатарына кіреді. Азия чемпионаты регбидің елімізде бұқаралық спорт түрі ретінде дамып, бұл тартысты ойын жастар арасында кеңінен танылуына алып келеді.

Бұл ойынның еліміздегі тарихы «Алматылық Титандар» командасынан басталады. Клубты 2004 жылы KIMEP университеттерінің студенттері құрған болатын. Көрші Қырғызтанда да осы жылы «Барыстар» командасы құрылып, екеуі бір-бірімен ұзақ жылдар бойы сынға түсіп жүрді. Жақында елордамызда, сондай-ақ ІТ университетенің базасында жаңа командалар жасақталды.

Америкалық футболдың өкілдері Қазақстанның басқа да облыстарында бұл спорт түрін дамытуды жоспарлап отыр. Олар республикалық деңгейде жарыстар ұйымдастырып, барша азаматтарды америкалық футболдың қызығына шақырады.