Басты бетЖаңалықтарАлматыда интернет...

Алматыда интернет саласының дамуы тақырыбында ІХ ортаазиялық форумы өтеді

Осымен тоғызыншы рет өткізілетін форумға Германия, Чехия, Ресей, Украина, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстаннан келген мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, ҮЕҰ-дың, дипломаттар, журналистер, сарапшылар, академиялық және бизнес орта өкілдері аймақ ақпараттық кеңістігіндегі БАҚ-тың, қоғамның және мемлекттің рөлдерін талқылай отырып, тың бастамалар мен идеяларды, нақты мысалдар мен құралдарды талқылайтын болады.

“БАҚ, мемлекет, қоғам: цифрлық қауіпсіздік пен медиа сауаттылық” тақырыбында өтетін форумда төмендегі тақырыптар талқыланбақ:

· Ақпараттық кеңістіктің дамуындағы мемлекет пен қоғамның, БАҚ-тың рөлі
· Шындықты қалыптастырудағы интернеттің әсері
· Цифрлық қауіпсіздік, дербес деректерді сақтау
· Орталық Азиядағы сөз бостандығы, БАҚ мүмкіндіктері
· Аудиторияның медиа сауаттылығы фейк жаңалықтарға, насихатқа қарсы ең
тиімді құрал ретінде.
· Ксенофобия, өшпенділік тілі
· Медиакеңістікті реттеудегі мемлекеттің рөлі

Айта кетейік, форум Астанадағы ЕҚЫҰ Офисі мен Конрад Аденауэр атындағы қордың қолдауымен өтеді.