Келесі жекпе-жегім 6 маусым күні Лондонда өтеді — Елеусінов

«Менің келесі жекпе-жегім Лондон қаласында 6 маусымда Йорк Холда өтеді. Бұл менің Ұлыбританиядағы дебюттік кездесуім болады», — деп жазды боксшы өзінің Инстаграм парақшасында.

Еске сала кетсек, 29 сәуірде Данияр Елеусінов кәсіби бокстағы алғашқы жеңісіне қол жеткізген болатын. Оның америкалық боксшы Ноа Киддпен жекпе-жегі Дэниел Джейкобс пен Мацей Сулецки арасындағы айқастың андеркартында Нью-Йорктегі Barclays Center аренасында өтті. Алты раундқа есептелген жекпе-жектің үшінші кезеңінде қазақстандық боксшы техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Сөйтіп Данияр өзінің кәсіби бокстағы алғашқы жеңісін тойлаған еді.

Аталған кездесуден кейін Елеусінов кәсіби боксшылардың әлемдік рейтингіне кірді.

Дереккөзkazinform.kz