Басты бетЖаңалықтарТәжікстан қазақстанда...

Тәжікстан қазақстанда жасалған автобустарды сатып алмақшы

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Маминнің Тәжікстан Республикасына сапары аясында жасалған мәміле Алматы облысындағы «Hyundai Trans Auto» ЖШС өндіріс алаңында шығарылған 300 дана сандағы Hyundai County маркалы автобустарын жалпы 19 млн АҚШ долларынан астам сомаға жеткізуді көздейді.

Автобустар Душанбе қаласының автобус автопаркін кеңейтуге арналған және Тәжікстанның қалалық және қала маңындағы бағыттарында пайдаланылатын болады.

«KazakhExport» «Hyundai Trans Auto» ЖШС-не бастапқы кезеңде мәмілені дұрыс құрылымдауға және экспорттық қолдау құралдарын қолдана отырып бұл мәмілені іске асыруға қолғабыс көрсетеді», — деп түсіндірді «KazakhExport» басқарма төрағасы Руслан Искаков.

«KazakhExport»-тың қолдау құралдары Қазақстаннан Тәжікстан Республикасына тауарлар экспорты көлемінің өсуіне септігін тигізеді.

2017 жылғы көктемде «Холдинг Азия Групп Таджикистан» ЖАҚ-ы «KazakhExport» ЭСК» АҚ-ның қолдауымен «Аллюр» КТ» АҚ-мен (оның құрамына «Сарыарқа АвтоПром» және «Агромаш Холдинг» өндірістік алаңдары кіреді) жалпы құны $10,5 млн. болатын 1000 дана JAC автомобильдерін жеткізу жөніндегі келісімшартқа қол қойды. Тәжік жағының өкілдері қазақстандық автомобильдердің жоғары өткіштігін және бағасының қолжетімділігін атап өтті.

Дереккөзkazinform.kz