Мүгедектер арасында сұлулық пен өнер сайысы өтеді

Байқауға 18 адам қатысып, олардың 10-ы финалға шықты. Қатысушылармен кәсіби стилистер, визажистер, қаланың ірі сән салондары ақысыз негізде жұмыс істейді. Одан бөлек әр қатысушыға жеке костюм үлгілерін де тігіп бермек.

«Жыл сайын мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтендіруге бағытталған іс-шаралар жүзеге асырылуда. Алайда ол шаралардың көбісі осындай жандарды аянышты, көмекке зәру, не болмаса ақыл есі кем қылдырып көрсетеді. Дәл осы стереотипті бұзу үшін мүгедектігі бар жандардың қаншалықты әдемі, өнерлі, іскер екенің дәлелдемекпіз. Себебі, біздің қатысушылар көрермендерді өте қатты таңқалдырмақ», — дейді С.Дүйсенова.

сайыс
©Өңірлік баспасөз

Сонымен қатар, баспасөз-мәслихатында байқауға қатысушы Қарабасов Нұрболат өз пікірін білдірді.

Қазіргі таңда көптеген арбаға танылған жандар сыртқа шыға бермейді. Өйткені, көп жерлерде жүруге мүмкіндік жасалмаған және қоғамның ойы біз жайлы мүлде басқа. Сондықтан осындай байқаулар көптеп болса екен деймін. Осы арқылы біз адамдардың бізді тезірек қабылдауларына, жалынышты көзбен қарамауына септігін тигізеді, -деді ол.

Концерт жанрындағы байқау Талдықорған қаласындағы көрме кешенінде сағат 18:00-де басталады. Кіру тегін.