Душанбе мен Астана арасына пойыз қатынайды

Жексенбіден дүйсенбіге қараған түні Астанаға «Душанбе-Астана» бағытындағы алғашқы жолаушылар пойызы келді.

Бұл маршрут «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізу кезеңінде туризмді дамытуға өзінің үлесін қосатын болады. Пойызды іске қосу шешімі «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен «Тәжік темір жолы» МБК басшыларының арасындағы келісімге сәйкес қабылданды.

Халықаралық пойыз бағыты Тәжікстан мен Қарақалпақстаннан кейін Бейнеу-Сексеуіл-Жезқазған жаңа жолдарын қамтып, осы бағыттағы жолаушылар айналымын ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Пойыз 9 вагоннан тұрады және Душанбеден бейсенбі күні, ал «Астана-Нұрлы жолдан» дүйсенбі күндері жолға шығады.

ДереккөзNaryk.kz