Қазақстан Тәжікстанға 3,9 млн доллар көлемінде қаржылай көмек көрсетті

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен Тәжікстанға 10 мың тонна, жалпы алғанда 167 цистерна жылыту мазутын жеткізу мақсатында 3,9 млн. АҚШ доллары бөлінді» — делінген хабарламада.

Елші Тәжікстан Республикасының Үкіметі жанындағы Мемлекеттік материалдық резервтер агенттігі директорының орынбасары Сохибджон Зиёдуллоевқа әкелінген жүктің куәлігін тапсырды.

Елші Нұрлан Сейтімов өз сөзінде Қазақстан жыл сайын бауырлас Тәжікстанның халқына гуманитарлық көмек көрсетіп келе жатқандығын және оның жалпы сомасы 2006 жылдан бері 34,5 млн. АҚШ долларынан асқанын атап өтті.

Дереккөзkazinform.kz