Басты бетЖаңалықтарБірнеше өңірде...

Бірнеше өңірде дабылды ескерту жарияланды

27 сәуірде Ақмола облысында түнде 15-20 м / с жылдамдықпен жел соғады, күндіз 15-20 м / с жылдамдықпен, кей жерлерде 25 м / с жылдамдықпен жел соғады. Күн күркіреп найзағай ойнайды.

Астанада 27 сәуірде таңертең және түстен кейін оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан 15-20 м / с жылдамдықта жел соғады. Дауылдың ықтималдығы 90-95%.

27 сәуір күні Қостанай облысында түнде 15-20 м / с, күндіз 25 м / с жел соғады. Кей жерлерде найзағай ойнап тұман түседі.

27 сәуір күні түстен кейін Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан 15-20 м / с жел тұрады, кей жерлерде 25 м / с жылдамдықпен жел соғады.

Петропавлда 27 сәуір күнінің екінші жартысында оңтүстік және оңтүстік-батыстан 15-20 м / с жылдамдықпен жел соғады.