«Анашым» мүгедек балалар мен жастарды қолдау қоры «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде маңызды және өзекті «Шекарасыз спорт» әлеуметтік жобасын жүзеге асыруда. Веломарафон «Шектеусіз мүмкіндіктер әлемі!» ұранымен ұйымдастырылып отыр. Тамыз айында зағип және нашар көретін велошабандоздар үшін үшінші рет марафон өткізілмек.
«Веломарафон патриоттық бастама, мотивациялық платформа және басқа елдердің қоғамдық ұйымдарымен тәжірибе алмасуға бағытталған. Бұл әлемде мүгедектігі бар жандардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша ерекше жоба», -дейді «Шекарасыз спорт» жобасының жетекшісі Бахтияр Базарбеков.
Жоба жетекшісінің айтуынша, веломарафон бірнеше әлеуметтік жобаны қамтиды.
«Біз осы жоба аясында мүгедектігі бар жандарға тең мүмкіндіктер жасаудың маңыздылығын көрсеткіміз келеді және қоғамды оятқымыз келеді, қоршаған ортадағы мәселелерге бей-жай қарамай, барынша мүмкіндіктерді көрсету, өзіне және айнала қоршаған жандармен пайдалы, жағымды қарым-қатынас құру», деді Б. Базарбеков.
Айта кету керек, акция жыл сайын өз шекарасын кеңейтуде. Көзі көрмейтін және нашар көретін велошабандоздар командасы қазірдің өзінде Алматы – Астана және Алматы – Ыстықкөл бағытында екі веломарафон өткізді.