Жарыс 20-24 сәуір күндері Республикалық спорт колледжінің жеңіл атлетика манежінде өтеді. Бокс додасының ашылу салтанаты 20 сәуір күні сағат 15:00-де болады.
Турнирге спорт шеберлігіне үміткер 2000-2001 жылғы боксшылар ғана қатыса алады. Олар 10 салмақ дәрежесі бойынша (49, 52, 56, 60, 64, 69, 75, 81, 91, +91) өзара мықтыны анықтайды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамота, медаль және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Сонымен қатар, «Турнирдін үздік боксшысы», «Күннің үздік боксшысы» және «Үздік төреші» номинациялары табысталады.
Турнирдің басты мақсаты — бокс спорт түрін жастардың арасында дамыту және оларды спорт шеберлігіне дайындау.