2018 жылғы 20 сәуірде ForteBank Kulanshi Art Space арт-кеңістігінде қазіргі заманымыздың танымал суретшісі, Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі, Оңтүстік Қазақстан облысының ONTUSTIK аумақтық брендингінің авторы Серік Бөксіков баяндама жасайды.
Серік Бөксіков барлық тілек білдірушілерге авангард, конструктивизм, постэкспрессионизм және поп-арт сияқты көркемдік стильдер мен бағыттарды қалыптастыру және дамытуға арналған білім беретін мастер-класты ұсынады. Көркем перфоманс мастері біздің елдегі мүсін мен кескіндемеге әлемдік көркемдік дәстүрлердің әсерін қадағалап, Қазақстандағы заманауи бейнелеу өнерін қалыптастыру үрдістері мен ерекшеліктеріне ерекше көңіл бөледі.
Серік Бөксіковтің «Art-Evolution: Пластикалық пішіндер эволюциясы» мастер-класы Астананың шығармашылық кластерін жандандыруға, шығармашылық пен мәдениет туралы пікірталасты жаңғыртуға, жас ұрпақты өнерге тартуға және мәдени мұраны сақтауға жоспарланған іс-шаралар топтамасының қарлығашына айналып отыр.
Мастер-кластың басталуы 20 сәуір сағат 19.00-де мына мекенжай бойынша: Астана қ., Достық көшесі, 8/1. Анықтамалар үшін телефон: +7 701 887 83 26. Кіру тегін. Орындар саны шектелген. Қатысуға тіркелу мына сілтемені бойынша 19 сәуірді қоса алғанға дейін қолжетімді: https://goo.gl/forms/MclhISz9CdozPp5s1
Мастер-клас өткізу орны ForteBank Kulanshi Art Space — қазіргі заманғы өнерде және шығармашылық ағарту орталығында өзекті үрдістерді ілгерілетуге арналған алаңдардың функцияларын қоса атқаратынын атап көрсетеміз.
Галерея жетекші мұражай институттары, қазақстандық және халықаралық ұйымдармен әріптестікте ірі әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру үшін құрылған. ForteBank Kulanshi Art Space экспозицияларды тұрақты ауыстырумен күнделікті сағат 9.00-ден бастап 20.00-ге дейін жұмыс істейді. Елорданың тұрғындары мен қонақтары галереяға еркін кіріп және бейнелеу өнерінің туындыларымен таныса алады.
Қазіргі кезде галерея аумағында суретші фотограф Алексей Кривцов және мүсінші Андрей Осташев шығармашылығына арналған «Еуразияның жеті пердесі» атты бейнелеу өнерінің көрмесі өтіп жатыр.