1. Корпусы қандай болуы керек?

Артқы панелі әйнекпен қапталған смартфон әдемі болғанымен, көп жағдайда оны таңдамаған жөн. Нәзік материал тез сынғыш, сызат түсіргіш болады. Әрі эстетикалық тұрғыдан да мұны дұрыс шешім деп айта алмаймыз. Өйткені әйнек саусақтарды тез майландырады.

Пластик материлады корпустар қолға ұстағанға ыңғайлы. Беткі қабаты резеңке тектес материалмен қапталса, тіптен қолайлы. Арзан көрінеді, бірақ құлағанда барынша жақсы қорғалады.

Металдың премиум-материал қатарынан сырғығанына аз уақыт болмады. Қытайлар алюминий корпустарды қалыптауды жақсы меңгеріп, тұтынушыға барынша үнемді бағаны ұсынып келеді. Дегенмен, мұндай материалдар қолдан тез сырғып кеткіш болады. Смартфонның көтеруі ауыр ойындар мен қосымшаларды пайдаланатын болсаңыз, металдың жылуөткізгіш екенін ескеріңіз. Яғни олар қызып кетуге бейім. Тағы бір кемшілігі, металл корпус суық күндері аккумуляторды тез тоңазытып тастайды.

Егер смартфон корпусын тыстайтын болсаңыз, корпустың материалына аса мән бермей қойыңыз.

2. Аккумулятор

Кез келген смартфонның ең осал тұсы — оның аккумуляторы. Толықтай зарядталған 2 000-3000 мА / сағ болатын батареялар стандартты аккумулятор болып саналады. Олардың қуаты әдетте таңнан кешке дейін сақталуы тиіс.

Егер әрдайым қажет уақытында зарядтауға келмейтін, розетка табу қиын болатын жерлерде жүретін болсаңыз, онда 4000 мА / сағ батареялы смартфонды алыңыз.

3. Камера

“Жақсы” деп қандай камераларды айтамыз? Олар аппараттық жағынан әрі бағдарламалық жасақтама есебінен жақсы құрастырылуы керек. Яғни осы екі сипаттама бір смартфонда болуы керек. Сол себепті де бірдей сенсорлы смартфондар фотоға екі түрлі түсіреді.

Мегапикселдер саны сапаның көрсеткіші емес.

Өкінішке орай, камераның сипаттамалары бойынша оның қандай екенін болжай алмайсыз.

Егер нақты қандай смартфонмен сапалы суреттер, бейнелер жасауды игергіңіз келсе, интернеттегі шолуларды қарап шығыңыз. Сурет, видео мысалдары арқылы салыстырып, қажетін таңдай аласыз.

4. Жедел жад

Жедел жадысы 1-2 Гбайт болатын смартфондар бірнеше қосымшамен жұмыс істегенде, көбіне “қатып” қалады. Aл 6 Гбайттан жоғарыларындың әсіре мақтаулары маркетингтік тәсілге жатады. Әдетте мұндай үлкен жадыны көп адам қолдана бермейді.

Заманауи смартфондар үшін 2-4 ГБ – нағыз тиімді жады өлшемі.

Тәжірибелі қолданушылар жедел жалының түріне де мән береді. LPDDR4 жедел жадысы LPDDR3-ке қарағанда тезірек жұмыс істейді.

5. Сақтау көлемі мен жад картасының слоттары

Барлығы Сіздің смартфонды қандай мақсатта қолданатыныңызға байланысты.

Егер онлайн тыңдап, қарап, жеке естелік суреттер коллекциясын жинамайтын болсаңыз, әрі ойын ойнамасаңыз, 16 Гб сізге артығымен жетеді.

Әдетте, өндірушілер көбіне смартфонның Гб санына байланысты олардың бағасын көтере береді. Ал егер жад картасын қолдансаңыз, әлдеқайда арзанға түспек. Бастысы оларды дұрыс таңдау қажет.

6. Бір сим-карталық, әлде екеу? Қайсын таңдаймын?

Қазір смартфондардың көбі екі сим-картамен жұмыс істейді. Бұл екі түрлі номер қолданатындар үшін өте тиімді.

Алайда, екі сим-карталық смартфондар жадысының бір бөлігін номерге арнайды. Сіздің телефонды қолдануыңызға байланысты, маңыздысын таңдаған жөн.

7. Дисплей матрицасы қандай болуы қажет?

Адамдар смартфонмен сағаттап отырады. Сағаттап смартфон экранына үңіледі. Сол себепті телефон таңдағанда, оның дисплей матрицасына аса бергеніңіз жөн.

Арзан телефондарда TN-матрицасы қолданылады. Олардың түсі де нашар. TN-матрицасы сапасының төмен екенін IPS технологиясымен салыстырсаңыз, бірден байқайсыз.

IPS-матрицалары түсімен ғана ерекшеленбейді, оның көру бұрышы 178 градусқа дейін жетеді.

Оның қарсыласы ретінде OLED-дисплейлерін айтсақ болады. Олар органикалық жарықтарымен және органикалық жарық диодтарымен ерекше. Ондағы әрбір пиксель -жарық көзi. Apple компаниясы 2019 жылға қарай смартфондарын OLED-ке алмастырмақ. Осыдан-ақ OLED технологияның болашағы жарқын екенін байқауға болар.

ІPS немес OLED-тің қайсын таңдаймын десеңіз, екі смартфонды қолыңызға алып, көзбе-көз салыстырып қараңыз. Бұл – ең тиімді тәсіл.

Біздің Telegram-каналымызға жазылыңыз!