Кинотеатр: Осы аптада сегіз жаңа фильм шығады

Зачётный препод 3

Шығарған ел: Германия, 2017
Режиссері: Бора Дагтекин
Жанры: комедия
Оқытушы Зэк Мюллердің сыныбы Германиядағы ең бұзақы балалардан құралған. Бұл сыныпта бір күннің ішінде түрлі оқиғалар болады. Оқушыларды алда емтихандар күтіп тұр, ал балалардың сабақ оқуға еш зауқы жоқ. Зэктің оқушыларын қайта шабыттандырып, оқуға деген ынталарын ояту қолынан келе ме?

Логово Монстра

Шығарған ел: АҚШ, 2018
Режиссері: Дин Девлин
Жанры: драма
Екі жас жүргізуші ұрлық жасау үшін жасырынып жүр. Олар үйлерді тонап жүргенде, күдікті бір үйге тап болады. Олар тұтқында отырған бір әйелді кездестіреді. Жігіттер ары қарай не істемек?

Круги дьявола

Шығарған ел: АҚШ, 2017
Режиссері: Кевин Гротерт
Жанры: ужас, триллер
Бұл отбасы әдеттегі қарапайым отбасылардан ерекше. Ұлдарын зұлым сектадан шығарып алу үшін ерекше ғылым маманының көмегіне жүгінеді. Бірақ балаларын құтқару жолында бұл отбасы сол сектанттардың ортасына өздері тап болады.

Рэмпейдж

Шығарған ел: АҚШ, 2018
Режиссері: Брэд Пейтон
Жанры: фантастика, боевик, оқиға
Дэвис Окойи адамдардан алшақ болу үшін, Джордж есімді горилламен дос болады. Ол Джорджды туғанынан асырап баққан. Ғылыми тәжірибенің әсері тіл алғыш, мейірімді маймылды, ашулы құбыжыққа айналдырып жібереді. Ендігі Дэвистің міндеті — әлемді досынан құтқару.

Караман

Шығарған ел: Қазақстан, 2018
Режиссері: Дастен Шакиров, Марат Абай-Дильда
Жанры: мистика, оқиға, триллер
Арман мен археологтардан құралған топ «Қараман» алтын ескерткіші туралы біліп қалады. Ескерткіш осыдан бірнеше ғасыр бұрын жоғалып кеткен еді. Ең қауіптісі — ескерткіш орналасқан орманға бару. Себебі орманды қорғаушылардың табиғаты тым бөлек.

Славные пташки

Шығарған ел: Исландия, Бельгия, 2017
Режиссері: Аудни Аусгейрссон
Жанры: мультфильм
Плои есімді кішкентай құс пен тақуа Гайрон шілдің бастарынан өткізген қызықты оқиғасы туралы мультфильм. Плоидың үйірі жылы жаққа ұшып кетіп, ол үлгермей, қалып қояды. Тағдыр бұл екеуін осылайша кездестіреді. Плои Гайронды қыс айларында құстардың тауда орналасқан қыстайтын құпия жерін көрсетуін өтінеді. Бұл екеуі нағыз отбасыға айналады. Бірақ оларды не күтіп тұрғанын кім білсін.

Титан

Шығарған ел: Ұлыбритания, АҚШ, Испания, 2018
Режиссері: Леннарт Рафф
Жанры: фантастика
Американдық әскер Рика ғылыми тәжірибеге қатысу үшін британдық базаға келеді. Экологиялық апат болса, жерде Титандар өмір сүретін болады деп ойлап, олар гендік инженерия бағытымен адамдардың жаңа түрін ойлап табуды жоспарлайды. Бірақ бұл тәжірибенің сәтті шығатынына кім кепіл?

Тихое место

Шығарған ел: АҚШ, 2018
Режиссері: Джон Красински
Жанры: ужас, триллер, драма
Бұл отбасыда екі бала бар. Сырт көзбен қарасақ, олар қарапайым отбасыға ұқсайды. Бірақ олардың үйінде құбыжықтар өмір сүреді. Құбыжықтар кез келген дауыстан оянады. Отбасы бір-бірімен ыммен, не сыбырласып сөйлеуге үйреніп қалған. Құбыжықтар естіп қоймау үшін, олар бірде-бір дыбыс шығармастан өмір сүреді.