Мен өзімді екінші Майк Тайсон санамаймын — Головкин

«Мен өзімді екінші Майк Тайсонмын деп есептемеймін. Мен GGG, Геннадий Головкинмін», — деді қазақстандық боксшы. Сонымен қатар, ол IBF тұжырымы бойынша жартылай орта салмақта әлем чемпионы Келл Брукпен аралық салмақ дәрежесінде өткізілуі мүмкін жекпе-жекке қатысты пікір білдірді.

«Менің ойымша, Брук тым кішкентай. Мен орта дивизионда өнер көрсетемін. Келл Брук және басқалары трэш-токингпен айналысады. Егер Сауль Альварес дайын болса, мен онымен кездескім келеді. Себебі, ол — орта салмақта әлем чемпионы. Менің бар мақсатым орта салмақтағы барлық белбеуді иелену», — деді Головкин.

ДереккөзTengrinews.kz