Солтүстік Кореяның баллистикалық зымыран ұшырғаны хабарланды

Оңтүстік Корея әскерилері Пхеньянның бұл жолғы сынағының нәтижесі және зымыранның қандай қашықтыққа ұшқаны туралы әзірше дерек жоғын айтады.

Солтүстік Корея сүңгуір қайықтан ұшырылатын баллистикалық зымыран құрастыру технологиясын дамытуға тырысып келеді. Өзге елдер Пхеньянның бұл әрекеті ядролық қауіпті күшейтеді деп алаңдайды. Мамандар Солтүстік Кореяның зымыран жасау ісінде қаншалықты табысқа жеткенін әзірше нақты айта алмай отыр.

Осы аптаның басында Сеул Пхеньянның жаңадан ядролық сынақ өткізуге дайындалып жатқаны туралы ескерткен еді. Қаңтар айында Солтүстік Корея сутегі бомбасын сынақтан сәтті өткізгенін мәлімдеген соң Пхеньянға қарсы жаңа санкциялар салынған.

Сәуірдің ортасында Солтүстік Кореяның орта қашықтықтағы баллистикалық зымыранды сынау әрекеті сәтсіздікке ұшыраған.

ДереккөзАзаттық