Гарри Поттер
  • Хогвартс мектебіне оқушылар әр жылдың 1 қыркүйегінде келеді. Келесі күні олардың сабақтары басталады. Ең қызығы, 2 қыркүйек үнемі дүйсенбі күнге түседі. Әр жылдың 2 қыркүйегі дүйсенбі күнге түсе беруі сенімсіз ғой. Бұл қалай болды екен?

Хогвартс мектебі

  • Өте маңызды! Кітапта Гарри Поттердің көздері анасы Лили Поттердікіндей жасыл түсті. Алайда, актер Редклиффтің көздері көк. Режиссердің неліктен мұндай қателік жібергені белгісіз. Алғашқы фильмнен-ақ линза кигізіп түсірсе әлдеқайда шындыққа ұласар еді.
  • Хогвартстан келген хатта оқушы өзімен бірге тек құрбақа, мысық және жапалақты ғана алып келуге болатыны жазылған. Онда Рон қалайша өзімен Короста есімді тышқанын алып барады?

Хат

  • Балаларды курсқа бөлу кезінде, кітап бойынша онда: «Енді үш оқушы қалды» деп жазылған. Бірақ фильмде МакГонагалл төрт оқушының есімін атайды. Бір оқушы мұнда қандай рөл атқарды екен?

МакГонагалл

  • Шахмат жарысы кезінде Рон үлкен шахматтардың арасында аттың рөлін сомдайды. Кітапта: ол «бір шаршы алға жылжуға мәжбүр болды» деп жазылған. Ат бір шаршыға емес, «Г» әрпінің фигурасымен ғана жылжи алады.
  • Кітапта Хогвартста Пивз есімді елес бар. Мектеп қабырғасында орын алатын көптеген қызықты оқиғалардың себепшісі Пивз болады. Алайда, бұл кейіпкер фильмде жоқ.

Пивз

  • Кітаптың сюжеті бойынша Питерді өзінің жасанды қолы тұншықтырып өлтіреді. Мұны оған Волан де Морт сыйлаған болатын. Бірақ, фильмде ол тірі қалады.
  • Кітаптың басында, Гарри Доббидің Хогвартста жұмыс істейтіні туралы хабардар екенін айтады. Гермиона Гарриді ас үйге ертіп келгенде, олар Доббиді кездестіреді. Бұл жағдай Гарриді қатты таңғалдырады. Егер ол шынымен де, Доббидің Хогвартста тұратынын білсе, неліктен таңғалған кейіп жасайды?
  • Төртінші кітапта Гарри «Марадерлердің картасын» Қорқынышты Көзге (Грозный Глаз) береді. Бірақ, бесінші кітапта карта қайтадан Гарридің қолында болады. Қалайша? Гарридің картаны қайтарып алғаны туралы еш жерде жазылмаған.

Карта

  • Дамблдор қайтыс болғаннан кейін, Поттер оның таяқшасының көмегімен өзінің таяқшасын жөндеп алады. Содан кейін Гарри Бузинді таяқшаны Дамблдордың қабіріне қайтарады. Шындыққа келсек, сиқырлы дүние иесі қайтыс болғаннан кейін өз күшін жоғалтады. Осы ережені ұстанғанда, Гарри таяқшасын жөндеп ала алмас еді.

Дамблдор

  • Фильмде кітаптағыдай Том Реддлдің өмірбаяны мен оның отбасы туралы толық ашылмаған. Көрермендер оны тек жағымсыз кейіпкер ретінде ғана таниды. Мысалы, Томның анасы өз ұлын жақсы көрмеген. Том қорлық көріп өскен. Ешкім оны махаббатқа бөлеп, аяламаған. Томның отбасында бірыңғай зұлымдар болғандықтан, Томның да қатыгез болып өсуі таңғаларлық жағдай емес. Фильмде оның анасы Меропе Мракс туралы эпизодтың жоқтығы көп сауалдарды жауапсыз қалдырып отыр. Меропе фильмде өте әсерлі кейіпкерлердің бірі болар еді.

Том Реддл

  • Кітапта Гермионаның ата-анасының жадынан өзін өшіргені туралы ештеңе жазылмаған. Бұл эпизод фильмде өте әсерлі және мұңды шыққан. Жабырқаған Гермионаның көзінен амалсыздықты көруге болады. Бұл режиссердің керемет идеясы.

Гермиона

  • Кітап бойынша, мектеп қабырғасында эльфтерден басқа ешкім бір уақытта өзге жерге ауысып (трансгрессировать) кете алмайды. Ал фильмде, Дамблдор мен Гарри трансгрессия жасайды.

ХогвартсФильм мен кітаптың айырмашылығы:

  1. Фильмде Гриффиндордың топ басшылары болып, Рон мен Гермиона сайланғаны туралы айтылмайды;Рон мен Гермиона
  2. Рон Гриффиндор командасының қақпашысы болып сайланғаны туралы сөз болмайды;
  3. Гарридің фестралдары туралы Хагрид емес, Полумна айтады;
  4. Құтқару-бөлмесі туралы кітапта Добби айтады. Фильмде оны Невилл тауып алады; Добби
  5. Ауруханада болған жағдай фильмде жоқ. Невилл ата-анасымен болған жағдай туралы Гарриге айтып береді де, ол туралы ешкімге тіс жармауын сұрайды;
  6. Фильмде Дамблдор жасағының құпиясын Чжоу айтып қояды. Кітапта оны Чжоудың құрбысы айтқан болатын.

10 қызықты дерек:

  1. Гарри мен Чжоудің сүйіскен көрінісі 24 рет түсірілген; Гарри мен Чжоу
  2. Гарри Поттер фильмінің алғашқы трейлері АҚШ-та 2006 жылы 17 қарашада көрсетілген;
  3. 2006 жылы бесінші фильмінің түсірілімі 1 айға тоқтатылған. Оған Дэн Редклифф (Гарри Поттер) пен Эмма Уотсонның (Гермиона Грейнджер) емтихандары себеп болған. Мұндай үзіліс Warner Bros компаниясына 4,8 млн.долларға түскен;
  4. «Феникс Ордені» түсіріліміндегі кейбір көріністер Скандинавияда түсірілген. Себебі Шотландиядағы қар аздық еткен;
  5. Грохх есімді дәудің рөлін компьютерлік кейіпкер емес, шынайы адам Тони Модсли сомдаған; Грохх
  6. Полумна Лавгудтің рөлін сомдау үшін 15 000 қыз бақ сынаған. Солардың ішінен Эванна Линч таңдалынған; Полумна Лавгуд
  7. Дэн Редклифф түсірілімге дайындық кезінде, психологтан «жақындарын жоғалтып, өзі ғана тірі қалған адам өзін қалай сезінетіні туралы» кеңес алған; Гарри Поттер мен Волан де Морт
  8. Кинотеатрларда IMAX форматында алғаш рет фильмнің бесінші бөлімі көрсетілген;
  9. Фильмдегі зұлым сиқыршы Беллатриса Лестрейндж есімі танымал жұлдыз Беллатрикстің құрметіне қойылған; Беллатриса Лестрейндж
  10. «Беллатриса Лестрейнджді сомдауға неге келістіңіз?» деген сұраққа, ол: «Гарри Поттер фильмінде рөл сомдауға ұсыныс түссе, мұндай мүмкіндікті жіберіп алуға болмайды» деп жауап берген.