Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Тоқаев тарихшыларға Алтын Орданы жаңаша зерттеуді тапсырды

Фото: Ақорда
Астанада өткен «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиумда Қасым-Жомарт Тоқаев Алтын Орда дәуірінің өркениет дамуына қосқан үлесіне тоқталып, тарихшыларға бұл кезеңді жаңаша зерттеуді тапсырды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Президент өз сөзінде Алтын Орданың экономикалық және интеллектуалдық әлеуетіне ерекше назар аударды. Оның айтуынша, бұл мемлекетті тек әскери-саяси тұрғыдан бағалау жеткіліксіз.

Қазір Алтын Орданың тарихын тек әскери-саяси тұрғыдан бағалаудан аулақ болып, оның рөлін жаңаша пайымдау керек. Жошы Ұлысының мол зияткерлік және рухани дәстүрі, тиімді басқару институттары мен дамыған экономикасы болды. Осы алып өркениеттің қыр-сырын толық ашу маңызды, — деді мемлекет басшысы.

Президенттің пікірінше, бұл бағыттағы зерттеулер өткенді ғылыми тұрғыдан қайта зерделеп қана қоймай, Орталық Еуразия халықтарының мемлекеттілік бастауы, тарихи бірегейлігі мен ортақ тарихын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.