Ламинациялау

Ламинациялау
©legkopolezno.ru

Шашты күннің ультракүлгін сәулелерінен қорғайтын, әрі жылтырататын процедура. Оны көбінесе бұрымды қыздар жасатады.

Процедура кезінде шашқа дәруменге бай арнайы қоспа жағылады. Ол шаштың әр талын сыртынан қаптап, тегістейді. Шаш қалыңдап, жылтырай түседі.

Түрлері:

  • Түссіз – шаштың түсі өзгермейді, жылтырап, қалың көрсетеді;
  • Түсті — шашты бояп, бояудың жуылып кетуінен сақтайды, жылтыратады, көлем береді;
  • Биоламинация – шашқа тек табиғи заттардан жасалған қоспа жағылады. Ол бас терісі сезімтал қыздарға арналған.

Артықшылықтары:

  • Сыртқы орта әсерінен қорғайды;
  • Шашқа зияны жоқ;
  • Көлем береді;
  • Айнадай жылтыратады;
  • Бояудың жуылып кетуінен сақтайды;
  • Шаш тез таралады.

Кемшіліктері:

  • Дұрыс жасалмаса, сапасыз қоспа қолданылса, шашты құртып алу қаупі бар.

Процедура нәтижесін бірден көруге болады, бірақ сапасы нашар шаштар үшін бірнеше рет жасату керек. Оның әсері шашта бір-екі ай тұрады.

Глазирлеу

Глазирлеу
©cosmetology-info.ru

Әлсіз, жұқа, жылтырамайтын шаштарды қалпына келтіріп, табиғи жылтырлық береді. Ол үшін шашқа май сияқты, бірақ аммиаксыз қоспа жағылады. Ол да ламинация сияқты, шаш талдарының сыртын қаптайды. Соның әсерінен шашты күн сәулесінен, желдің әсерінен қорғайды.

Түрлері:

  • Түссіз – шашты емдеп, қалпына келтіреді, көлем береді;
  • Түсті — қоспада бояу болғандықтан, шашқа жаңа түс береді, ол ұзаққа сақталады.

Артықшылықтары:

  • Жылтыр, көлемді шаштар;
  • Шаштың ұшталған жерлерін қалпына келтіру;
  • Шаштың түсін зиянсыз өзгерту;
  • Оңай тарау;
  • Шашты емдеу.

Кемшілігі:

  • Шашты жуған сайын процедура әсері жоғала береді. Ол шаштың ерекшелігіне байланысты 2-5 аптаға дейін шыдайды. 4 реттен артық жасатқаннан кейін, шашты «демалдыру» керек;
  • Глазирлегеннен кейін шашты бояуға болмайды.

Экрандау

Экрандау
©hochu.ua

Әбден күйген, құрғақ, ұштанғыш шашты тереңінен нәрлендіріп, қалпына келтіретін процедура. Одан кейін шаш жылтырап, жұмсақ бола түседі. Ол үшін шашқа құрамында аминқышқылдары, майлар, соя ақуызы бар пайдалы қоспалар жағылады. Аталған процедура ламинациялау мен глазирлеуге ұқсас, бірақ оларға қарағанда емдік әсері жоғары.

Түрлері:

  • Түсті – шашқа аммиагы жоқ бояу жағылып, жұқа пленкамен қапталады;
  • Түссіз — шаштың қалпына келтіретін емдік процедура.

Артықшылықтары:

  • Шашқа көлем береді;
  • Емдейді;
  • Сыртқы орта әсерінен қорғайды;
  • Шаш тегіс, әрі оңай таралады.

Кемшілігі:

  • Бұл процедура көптеген салондарда жоқ;
  • Әсері бір ай ғана сақталады;
  • Әсері кеткен соң шаш қатты болып кетуі мүмкін.

Кератинді түзету

Кератинді түзету
©mail.ru

Қобырап тұратын немесе бұйра шашты қыздардың ең жиі таңдайтын процедурасы. Онда шашқа құрамында кератині мол қоспа жағылады. Соның әсерінен шаш тегіс, әрі жылтыр болып шығады.

Артықшылығы:

  • Ұшталған шашты жасырады;
  • Шаш түзу, әрі тегіс болады;

Кемшілігі:

  • Шаш тегістелгендіктен көлемі жоғалады;
  • Әсері кетккен соң, шаш сынғыш болып кетуі мүмкін.

Ботокс

Ботокс
©voloskova.ru

Бұл да емдік процедура. Ол күйдірілген шашты қалпына келтіреді.

Артықшылығы:

  • Шаш көлемін жоғалтпайды;
  • Салыстырмалы түрде түзу бола түседі;
  • Жылтыратады;
  • Қалпына келтіреді;
  • Емдейді.

Кемшілігі:

  • Шаш 100% түзу болмайды, табиғи бұйралығын сақтап қалады;

Аталған процедуралар тек шаштың өзіне ғана жасалғандықтан, ағзаға жетіспейтін дәрумендерді алмастыра алмайды. Яғни, шашқа тек уақытша әсер береді. Сондай-ақ оларды бас терісінің жарақаты кезінде, шаш қатты түскен жағдайда жасатуға болмайды. Әрбір процедураны үздіксіз жасай берген де зиян. Ондай жағдайда шаш сынғыш, құрғақ болып кетуі мүмкін.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!