Қиын замандарда мойымай, бүгінгі молшылық кезеңіне қазақ өзінің қажырлығы, қанағатшылдығы арқылы қол жеткізді. Қазақтың дәстүрлі дінінде «шүкіршілік» пен «қанағат» басты орындардың біріне қойылады. Халық даналығы, нақыл, ақыл сөздерінің басым бөлігі де қанағатқа арналған. Елдің зиялы өкілдерінің де осы тақырыпта қалам тербеуі тегіннен болмаса керек.
Қазақтың дәстүрлі дінінде «қанағат — еңбекпен, маңдай терімен тапқанына разы болу, өзгенің табысына сұқтанбау» деген мағынаны білдіреді.
Хадис шәрифтерде былай делінеді:
«Қанағат етуші ең көп шүкір еткендерден саналады.» (Ибн Мажа)
«Қияметте «Шүкір етушілер келсін!» деген үндеу шығады. Олар бір байрақ астында жәннатқа кіреді. Олар тапшылық пен молшылықта, барлық жағдайда Аллаһу та’алаға шүкір етушілер.» (И.Ғазали)
Қанағат ету – қажетінен артық қалған табысын бір жерге жинамай, Ислам діні бұйырған қайырлы жерлерге беру, кедейлерге, жетімдерге, науқастарға, дінге қызмет етушілерге көмектесу деген кең мағынаға да ие. Қанағат жақсы мінездің қайнары болуымен қатар, адамға тапшылық кезінде бақытты қамтамасыз ететін берік қорған сияқты.
Материалды Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының тапсырысымен “Қазақ интернеті” қоғамдық бірлестігі дайындаған.