Бақытжан Сағынтаев ОҚО денсаулық сақтау қызметкерлерімен кездесті

Адам капиталының сапасын жақсартуға бағытталған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауының төртінші басымдығын іске асыру мәселелері бойынша ҚР Премьер-Министрі облыстың денсаулық сақтау саласының қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Жиын барысында Бақытжан Сағынтаев Үкімет мәселелердің барлығын ерекше бақылауда ұстап отырғанын атап өтті. 2017 жылы жеке секторға қойылатын шектеулер 1,7 есе жойылды. Бұл денсаулық сақтау саласына салынатын жеке инвестицияларды екі есеге — 44,2 млрд теңгеге дейін ұлғайтуға жол ашады. МӘМС жүйесін енгізу бойынша жүйелі жұмыстар жалғасуда: заңнамалық база құрылды, өткен жылдан бастап қор жұмыс істей бастады, жұмыс берушілер ақша аударымдарын жүргізіп жатыр.

Сондай-ақ, Президенттің бес әлеуметтік бастамасы аясында беріліп жатқан мүмкіндіктер талқыланды. Бұл — тиімді шарттар бойынша тұрғын үй сатып алуға мүмкіндік беретін «7–20–25» жаңа ипотекалық бағдарламасы, және халықтың жекелеген топтарына 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап салық жүктемесінің 10 есеге – 1%-ке дейін төмендеуі.

Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру саласында қабылданып жатқан шаралар туралы егжей-тегжейлі баяндап берді.

Сондай-ақ, талқылау барысында облыстың медицина қауымдастығының өкілдері: денсаулық сақтау басқармасының басшысы М. Егізбаев, №6 қалалық емхананың бас дәрігері Г. Көлбаева, жекеменшік емхана өкілі У. Орынбаева, тубдиспансердің бас дәрігері Б. Сағынбеков пікір білдірді.

ДереккөзPrimeminister.kz