Жүктіліктен соң әрбір ана өзінің күтіміне, демалысына аса қатты мән беру қажет. Сондай-ақ, дәрігердің қабылдауында жиі болып, қаралғаны дұрыс.

Гигиена сақтау ережесін білесіз бе?

Жас босанған ана сәбиін қолына алған соң, өзінің денсаулығына мән берген жөн. Соның ішінде инфекциялық аурулардан сақтану үшін гигиена сақтаған жөн.

  • күніне екі рет душ қабылдап, тісі мен сүт бездерін жууы керек;
  • баланы емізер алдында қолдарының тазалығына мән беріп, арнайы тазалануы қажет;
  • босанудан кейін 6 апта ваннаға, теңіз бен өзенге түспегені жөн;
  • денені қысып тұратын киімдер кимеген дұрыс;
  • егер денеде тігіс болған жағдайда 7-14 күндей бір орында отырмау керек;
  • киім мен төсек орындарды барынша синтетикалық емес материалдан таңдаған жөн;
  • ағза келесі жүктілікке дайын болу үшін 2 жылдай уақыт керек.

Қалай тамақтанған дұрыс?

Көпшілігі босанғаннан соң диета ұстауды дұрыс деп санайды. Алайда күніне тамақ калориясы 2200-2400 болуы тиіс. Әйтпесе, ағза бірден шаршап қалады әрі балаға да сүт дарымайды.

©agushkin.ru

Жас ана баланы емізу арқылы оған дәрумен беретіндіктен, өзі дұрыс тамақтанғаны жөн. Соның ішінде мына азық-түліктер аналар үшін пайдалы болады:

  • сүт жәні сүтті тағамдар;
  • ет;
  • балық тағамдары;
  • көкөністер;
  • ұн тағамдары;
  • тәтті тағамдар (күніне 60 г);
  • майлар;

Денені қалпына келтіру үшін не істеу керек?

Жас аналардың көпшілігі босанудан соң бірден денесін қалпына тез келтіру үшін спортпен шұғылданады. Алайда бірден спортпен шұғылдану денсаулыққа зиян. Спортпен шұғылданар алдында гинекологтың тексеруінен өткен дұрыс. Өйткені жаттығулар кезінде түрлі жарақаттар орын алуы мүмкін.

©likar.info

Денені қайтадан қалпына келтіру үшін алғашқы айда аяқ-қол бұлшықеттерімен жұмыс жасау керек. Яғни, күніне 30-40 минут аяқ пен қолды созып-жинау арқылы денеге жақсы жаттығу жасалады. Осылайша екінші, үшінші айларда гинекологтың рұқсатымен ғана спортпен айналысуға болады. Сондай-ақ, әр түрлі шарларды да қолдануға болады. Бұл да денедегі артық майларды кетіруге септігін тигізеді.

Дәрі ішкен дұрыс па?

Дүниеге сәби әкелгеннен соң көпшілігінде жоғары температура жиі байқалуы мүмкін. Бұл босанудан кейінгі асқынулардың алғашқы белгісі саналады. Сол үшін қан қысымы мен дене қызуын тұрақты бақылау керек.

Баланы дүниеге әкелген соң сәбиін тамақтанатын аналардың дәрі ішуіне болмайды. Тек дәрігердің рұқсатымен ғана антибиотиктер ішу керек. Өйткені, сәби тікелей ана сүтімен қоректенетін болғандықтан бұл оның денсаулығына зиян келтіру мүмкін.

©helloflo.com

Жас аналардың ішінде жүктіліктен соң көңіл-күйінің құбылмалы болуы, ұйқысының бұзылуы, физикалық жағынан әлсіреу жиі болады. Бұл — жүктіліктен кейінгі күйзелістің алғашқы белгілері. Бірақ қорықпаған  дұрыс. Ең алдымен, жақын адамдарынан (туысы, анасы, әпкесі) қолдау іздеп, көмек сұраған дұрыс. Баланы соларға беру арқылы өзінің демалуына жағдай жасау керек. Осылай өз-өзіне күтім жасағаны жөн.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!