Жүрдек пойыз күнде Павлодар станциясынан 21:11-де жолға шығып, Алматы-2 вокзалына 23:02-де жетеді. Ал кері бағытпен Алматы-2 вокзалынан 16:12-де шыққан пойыз Павлодарға 17:20-да жетеді.
Жаңа кестеге сай жолаушылар пойызы бұрыннан аялдайтын бекеттердің барлығына тоқтайды. Жол жүруге кететін уақыт оның жылдамдығының артуына байланысты 3 сағатқа қысқарды.
Бұдан тыс, 2018 жылғы 1 сәуірден бастап «Самарқанд-Астана Нұрлы жол» бағдарымен № 251/252 халықаралық пойызы жүреді. Пойыз аптада бір рет: Астанадан сейсенбі күні, Самарқандтан жексенбі күндері шығады.