Қаулы бойынша теміржол стансаларының атауы өзгертілді

Құжат ҚР Әділет министрлігі Нормативті құқықтық актілердің ақпараттық-құқықтық жүйесі сайтында  жарияланған.

Онда «Қазақстан Республикасының кейбір теміржол стансаларының аталуын өзгерту туралы қаулы ресми түрде жарияланған күнінен бастап күшіне енеді», — делінген.

Бірінші қосымша бойынша Өскемендегі Защита — Өскемен-1, Лениногорск — Риддер, Қорғас стансасы — Алтынкөл деп аталады. Ал Тараз қаласындағы теміржол стансасы Жамбыл  емес, Тараз деп аталатын болды. Осылайша, 15 теміржол стансасының атауы өзгертілді.

Екінші қосымша бойынша стансалардың айтылуы мен жазылуы өзгеретін болды. Атап айтқанда, билеттерде «Алма Ата 1» және «Алма Ата 2», Семипалатинск, Чу, Талды-Курган, Манғышлақ стансалары Алматы-1, Алматы-2, Семей, Шу, Талдықорған, Маңғыстау  деп  көрсетілетін болады.

ДереккөзInform.kz