Бүгін Қазақстан-Болгария матчы тікелей эфирде көрсетіледі

Матч Венгрияның Фельчут қаласында Астана уақытымен 22:00-де басталады. Ойынды «Хабар» арнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Жақында ғана екі құрама да бір-бір кездесуден өткізді. Қазақстан құрамасы Будапеште Венгрияны 3:2 есебімен жеңсе, Болгария өз алаңында Босния және Герцеговинадан 0:1 есебімен жеңіліп қалды.

Ал қазақстандық футбол маманы Андрей Ферапонтов жаңа бапкердің дебюттік кездесуіне жақсы баға берді.

«Біздің құрама тамаша ойын көрсетті. Стоилов қысқа уақыт ішінде командалық ойын ұйымдастыра білді. Ойыншылар еш қысылмай ойнап, қорғаныста сәтті қимылдап, өз мүмкіндіктерін пайдалана алды. Әсіресе, жастар – Зайнутдинов пен Сейдахмет жақсы қырынан танылды. Хижниченко өзіне жүктелген міндетті жақсы атқарса, Муртазаев та жақсы ашылды. 3:2 есебімен жеңіп тұрып сол есепті сақтап қалуға тырыспады, әрі қарай ойын барысын бақылай берді. Олардың сенімді ойнағаны маған қатты ұнады» –  дейді ол.

Дереккөзaikyn.kz