Велосипед тебу қоршаған ортаға мүлдем қауіпті емес. Керісінше, көңіліңізді көтеріп, күні бойы сергек жүруіңізге кепіл болады. Ал егер велоспорт күнделікті әдетіңізге айналса, жалпы денсаулыққа пайдасы мол.

Күйзелістен құтқарады

Велосипед тебу арқылы жайсыз жағдайларды ұмытуға болады. Бірнеше км жоғары жылдамдықпен жүрсеңіз барлық теріс ойлар басыңыздан кетіп қалады. Велоспорт кезіндегі жай қозғалыс, біркелкі жылдамдық пен дұрыс дем алудың өзі орталық жүйке жүйесін  тыныштандырады.

Жүрек ауруын болдырмайды

Велосипед тебу кезінде жүрек бұлшық еті белсенді қызмет етеді. Әрдайым велоспортпен шұғылдану миокард инфарктісінің алдын алады. Алайда, 15 км/сағ артық жылдамдықта тауға шығу, белсенді жүру қимылдарына дайындалмаған адам үшін кері әсерін тигізеді. Жүрекке шамадан тыс күш түсіру зиян. Сондықтан, жаттығуды аз мөлшерден бастап, біртіндеп көбейту керек.

 

©Massaget.kz

Варикоздың алдын алады

Аяқтағы тамырлардың варикоздың кеңеюіне генетикалық тұрғыдан велосипед педалін айналдыру өте пайдалы. Біріншіден, аяққа жүгіруге қарағанда арнайы салмақ түспейді. Екіншіден, аяқ әрдайым жазылып бүгіліп отырады. Соның арқасында вена тамырлары ішінде қысым жоғарылап, қан ағу жылдамдығы жоғарылай түседі.

Өкпе белсенді жұмыс істейді

Ұзақ уақыт велосипед тебу адам өкпесінің толыққанды жұмыс істеуіне пайдасы зор. Өкпемен белсенді жұмыс істеу, ағзаға оттегі көп түсіреді. Әсіресе, шылым шегетіндер үшін пайдасы зор. Мәселен, белсенді жұмыс істеген өкпе жиналған токсикалық заттарды жылдам шығаруға бейім болады.

Өкпе
Көрнекі сурет

Көздің көруін жақсартады

Күнделікті компьютерге көп уақыт қарап отыратындықтан, көзіміз тез шаршайды. Алысқа қарау мүмкіндігінен айырыламыз. Ал велосипед айдау барысында алыс аймақты да бақылайтындықтан, көзіміздің бұлшық еттері демалады.

Артық салмақты жояды

Велосипед артық салмақты жоюға көмектеседі. Орташа есеппен 1 сағаттай велосипед тебу 250-300 калорияға жоғалтуға себеп болады. Егер жүгіруге қиналсаңыз, оны велосипедпен алмастырыңыз. Аяғыңыздың бұлшық еттері қатаяды. Мұнымен қатар, теріңіздегі жаралар жазылады.

©sunny7.ua

Велосипед тебу кезінде:

  • Егер сіз велосипедті енді ғана айдаған болсаңыз, 20-25 минуттан бастаңыз. Күн сайын 10 минут қосып отырыңыз. Айдау барысында буындарыңыздың немесе бұлшық еттеріңіздің ауырғанын байқасаңыз, шынығуды біраз уақытқа тоқтата тұрыңыз. Ағзаңызға үйренуге мүмкіндік беріп, артынша қайтадан жалғастырыңыз.
  • Велосипед тебу кезінде әр жарты немесе бір сағат сайын аз мөлшерде су ішіп отыру керек. Себебі, денедегі тізе буынында сұйықтық азайып кетеді. Жоғалған суды қалпына келтірген жөн.
  • Велосипедті тым тез айдау жүрек аурулары бар, физикалық жаттығуларға үйренбегендерге зиян болуы мүмкін.
  • Педальдарды табанның алдыңғы бөлігімен басыңыз. Велосипед тепкен кезде қол, мойын, арқаңызды босаңсытып отырыңыз.                                 
  • Велосипедті тамақ іше салысымен айдамауға кеңес береміз.