«Қазақстан аруы-2018» қатысушыларына дауыс беру басталды

Қазақстаннан «Әлем аруы» және «Ғалам аруы» байқауларына кім баратынын анықтау үшін мына сілтеме арқылы дауыс беруге болады: http://misskazakhstan.kz.

Еліміздің түкпір-түкпірінен Астанаға жиналған 30 ару 31 наурыз күні Бейбітшілік және келісім сарайында өтетін финалға дайындалып жатыр.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, финалға Қазақстанның әр қаласынан шыққан 20 бойжеткеннен тыс, инстаграмда жүргізілген кастингтің де 10 жеңімпазы қатысады.

БАҚ-та «Қазақстан аруы» финалшыларының фотосуреттері жарияланды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, отбасы жағдайына байланысты «Теміртау аруы», «Қызылорда аруы», сондай-ақ оқуына байланысты «Петропавл аруы» байқауға қатыса алмаған. Олардың орнына аталған қалаларда екінші орын алғандар келді.

Айта кетейік, «Қазақстан аруы» конкурсының аясында қайырымдылық шаралары және әлеуметтік акциялар өткізіледі.

Дереккөзkazinform.kz