Спорттық стильге бала кезден жақын болдым

Мен бұл салаға келместен бұрын шетел компаниясында сату жөніндегі менеджер қызметін атқардым. Жұмыс істеп жүрген жылдары компаниямыз жабылып қалғаннан кейін, «спорттық киімдер дүкенін неге ашпасқа?» деген ой келді. Спорттық стильге, әсіресе, көше стиліндегі спорттық киімдерге бала кезден жақын болдым. Кішкентайымнан Тупак Шакурға еліктеп өстім.

Алишер Садыров
Sneakerz shop» спорттық киімдер дүкенінде © Айгүл Хожантаева

Спорттық киімдерге қазіргі таңда сұраныс жоғары. Жастардың басым бөлігі күнделікті киіп жүретін көше стиліндегі спорттық киімдерге жиі тапсырыс береді. Алматы жастарының жетпіс пайызы еркін стильде жүргенді жақсы көреді.

Спорттық киімдердің түрлері

Дүкенде спорттық киімдердің түр-түрі бар. Олар: бұлықты шалбар, футболкалар, жейделер, толстовкалар, күртешелер мен кепка-қалпақтар т.б.

A Bathing Ape (BAPE) толстовкасы — жапондық бренд. Мағынасы «жылы суда шомылу», яғни жайлы әрі тыныш өмір сүру дегенді білдіреді. Бұл киімнің логотипінде горрила суреті бейнеленген. Аталған бренд қазіргі таңда әлемге танымал. Қазіргі кезде бұл брендтің дизайнері басқа да бренд компаниялармен үлкен келісім-шарт жасасып отыр. Мысалы, «Puma» компаниясымен бірігіп жасаған толстовкалары мен күртешелері таңғалдыратын дүние. Менің дүкенімде бұл бренд коллекция түрінде: күртешелер, толстовкалар мен кроссовкилерден тұрады.

Supreme. Бұл брендтің тауарлары жастар арасында өте танымал. Мұндай киім сәнді, өте ыңғайлы, жоғары сапалы әрі үлкен сұранысқа ие. Бұл брендтің толстовкалары «А Bathing Ape» киімдерімен ұқсас. Киімдердің ерекшелігі ашық түсті, көзге бірден түседі. Тұтынушылар көбінесе классикалық түстерді, яғни ақ, қара, қызыл, сұр, көк түстерін таңдап жатады.

Алишер Садыров
© Айгүл Хожантаева

Open — Туркияның спорттық стильдегі жейдесі. Бұл кең тұратын, ыңғайлы, ерекше тігілген киім. Жейделердің барлығы көшірме емес, түпнұсқалары. Бұл жейделер кез келген спорттық шалбармен де, джинсилармен де үйлесіп кете береді.  

Бомбер — керемет күртешелердің бірі болып саналады. Жаз, күз, көктем айларында аталған киімге сұраныс жоғары. Бұл күртешені спорт пен классикалық стильдегі кез келген киіммен киюге болады. Бомберлер сәнді образды айқындаушы стильдің бірі.

Мантия — көшпенділер стилінде тігілген киім. Мантия адамның өзін еркін сезінуіне баса назар аударады. Себебі ол біртұтас стильде тігіледі.

Thrasher. Спорттық стильде тігілген киімдердің көп бөлігі Thrasher киімдері. Өйткені бұл киімдердің сапасы өте жақсы, бағасы да қолжетімді. Ішіне салынатын салма матасы да, материалы да өте ыңғайлы.

Алишер Садыров
© Айгүл Хожантаева

Сапаға мән беремін

Бұл киімдердің түпнұсқалары өте қымбат тұрады. Бағалары 5-7 мың долларды құрайды. Сондықтан көшірмелерін сатамын. Бағасы 12-30 мыңның аралығын құрайды.  Киімдердің сапасы әртүрлі болып келетіндіктен, барынша материалына, мата түсінің бір жуғаннан кетіп қалмауына жіті қараймын.

Ең бірінші, жастар, киімнің этикеткасына мән береді. Сол себепті этикетканың жазуына аса мән беремін. Компанияның немесе киім атауының жазылуын қадағалаймын.  

Алишер Садыров
Алишер Садыров, «Sneakerz shop» спорттық киімдер дүкенінің директоры © Айгүл Хожантаева

Арманым көп. Оның ішінде қазақстандық брендтік спорттық киімдерді шығару үлкен арманым. Жалпы, осы күнге дейін түсінгенім қандай да бір саланың мәнін, сырын түсіну үшін тәуекел ету керек.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!