Информатика пәні 1-сыныптан бастап оқытылуы мүмкін

«Министрлік білім мен ғылымды цифрландыру бойынша үш бағытта жұмыс жасап жатыр. Біріншісі — ол орта білім жүйесінде ақпараттандыруды дамытуға негізделген. Екіншісі — білім беру мен ғылымды басқару процестерін автоматтандыру, ал үшіншісі — ІТ мамандарды даярлау. Бірінші бағыт бойынша ЭЫДҰ елдерінде көбінесе бағдарламалар 1-сыныптан басталады. Бізде информатика пәні мектепте 5-сыныптан басталып оқытылған, енді биыл 3-сыныптан басталады. Сонымен қатар, информатиканы оқытуда 1-сыныптан бастап енгізу мүмкіндігі бойынша сарапшылармен жұмыс жүргізіп жатырмыз. Қазір жоба жасалып, қоғамда талқыланатын болады», — деді министр.

Оның сөзіне қарағанда, 3 мыңнан астам мектеп пен оқушылар сарайында робот техникасы бойынша элективтік курс енгізілді.

«Бірақ бізге робот техикасын барлық мектептерге дейін жеткізу керек. Бүгінгі міндет — ол аталған робот техникасы кабинеттерін құралдармен жабдықтау. Өткен жылдар ішінде 5 400 педагог, оның ішінде 730-ы робот техникасы бойынша біліктілік курстарынан өтті. 2018 жылы тағы 2 500 мұғалім оқытамыз, соның ішінде аталған бағыт та қамтылады», — деді Е. Сағадиев.

Дереккөзkazinform.kz