ШҚО-да су деңгейі көтерілуі мүмкін

«Алдағы 18-19 наурыз аралығында Шығыс Қазақстан облысының аласа таулы аудандарында ауа температурасының жоғарылауына және күтілетін жауын-шашын болжамына байланысты жергілікті және баурайлы ағын қалыптасып, су деңгейі көтерілуі мүмкін», — деп жазылған хабарламада.

Еске салайық, 12 наурызда ШҚО-ның кей жерлерін су басқан еді. ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті өкілдерінің мәліметінше, Шығыс Қазақстан облысындағы құтқарушылар тәулік бойы жұмыс істеп жатыр.

«Қазіргі уақытта 15 мың текше метр су тартылды. Өрт сөндірушілер мен құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Олар суды мотопомп пен инертті материалдармен тартып жатыр. (…) 112 нөміріне әлі де қоңыраулар келіп жатыр. Соңғы 24 сағатта шамамен 3 000 қоңырау келіп түсті. Әрбір қоңырау бойынша жедел штаб өкілдері айналысып жатыр», — деп хабарлады ведомство өкілдері.