Еурокомиссия шенген аумағына кіруді жеңілдететін Еуроодақ визалық ережелеріндегі өзгерістер туралы айтты.
«Біз ұсынған реформалар заңды құрметтейтін туристер үшін виза алу жұмыстарын жеңілдетеді. Сонымен бірге жаңа стандарттар бізге заңсыз енетіндердің жолын кеседі»,-деді Миграция, азамттық және іскі істер мәселелелерінің комиссары Димитрис Аврамопулос.
Өтініш беру жұмыстары толықтай электронды нұсқаға ауысады. Осыған сәйкес Еурокомиссия визалық жинақ құнын 20 еуроға көтеруді ұсынды.
«Өтініштерді өңдеуге байланысты визалық жинақ құны 60 еуродан 80 еуроға көтеріледі. Бұл баға 2006 жылдан бері өзгермеген», — дейді Еурокомиссия.
Айта кетейік, шенген аумағына кіретін елдер үшін шекарада жеті күнге арналған қысқа мерзімдік виза беру ұсынылды. Оған ие болған туристер виза берген елдің аумағында ғана бола алады.
Еуроодақ аумағына жиі келетін туристер 5 жылдық мерзімі бар визаға да қол жеткізе алады.