Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғып, желдің екпіні 15-20 м/с-ге күшеюі ықтимал.
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Ақмола, Қызылорда, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз жел 15-20 м/с-ге күшейеді. Сондай-ақ Қызылорда, Жамбыл, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі.
Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман болады.
Ақтөбе облысында бұрқасынмен со,ып, желдің жылдамдығы 18 м/с-ге жетеді.
Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ге күшеюі күтіледі.