Қазақстандық дзюдошылар IJF рейтингінде жоғары көтерілді

Жарыс қорытындысы бойынша жаңартылған рейтингте аталмыш турнирде жеңімпаз және жүлдегер атанған қазақстандық дзюдошылар рейтингте жоғары көтерілген. Атап айтқанда, Гран При Чемпионы Ғұсман Қырғызбаев (60 кг) 9-орыннан 7-орынға, күміс жүлдегер атанған Ерлан Серікжанов (66 кг)  85-орыннан 48-орынға, ал Агадирде қола жүлдеге ие болған Бекәділ Шаймерденов (73 кг) 266-орыннан 73-орынға көтерілген.

Жаңартылған рейтинг кестесінде қазақстандық дзюдошылар келесідей орындарға жайғасқан (1-50):

60 кг

Ғұсман Қырғызбаев – 7 орын (3358 ұпай)

Елдос Сметов – 32 (1023)

Рустам Ибраев – 45 (695)

66 кг

Елдос Жұмақанов – 10 (2630)

Азамат Мұқанов – 43 (877)

Ерлан Серікжанов – 48 (840)

73  кг

Жансай Смағұлов  — 11 (2636)

81  кг

Азиз Калқаманұлы – 50 (712)

90 кг

Ислам Бозбаев – 11 (2576)

-100 кг

Максим Раков – 24 (1409)

Виктор Демьяненко – 39 (865)

+100 кг

Ержан Шынкеев –  44 (743)

Айта кетейік, 9-11 наурыз күндері Агадирде дзюдодан әлемдік Гран При кезеңі өтті. Қазақстандық дзюдошылар 1 алтын, 1 күміс және 1 қола медальмен жалпы командалық есепте жарысты 38 ел ішінде 6-орынмен аяқтаған болатын.

Дереккөзfdk.kz