Ол ширек финалда пәкістандық Нажия Расоолды, жартылай финалда вьетнамдық Тхи Нгуэинды, ал финалда өзбекстандық Нигора Турсункулованы жеңіп, жарыс жеңімпазы атанды. Түркияда туып-өскен Жансель Дениз 2014 жылы Қазақстан азаматтығын алып, құрама қатарына қабылданған деп хабарлайды Азаттық.
58 килограмда сынға түскен 2010 жылғы Азия ойындарының күміс жүлдегері Нұрсұлтан Мамаев ширек финалда жеңіліп, олимпиада жолдамасынан құр қалды.
Осылайша, Қазақстан Рио олимпиадасына үш таэквондошы апарады. Жарыстың алғашқы күні Руслан Жапаров пен Айнұр Есбергенова олимпиада лицензиясын иеленген.
Қазіргі уақытта Қазақстан ұлттық құрамасында 65 олимпиада жолдамасы бар. Риодағы жазғы олимпиада ойындары биыл 5-22 тамызда өтеді.