Қазақстандық үш дзюдошы Азия чемпионы атанды

Қыздар арасындағы бәсекеде 48 келі салмақта қазақстандық Отгонцэгцэг Галбадрах финалда әлемдік рейтингті бастап тұрған Моңғолия өкілі Мунхбат Уранцегцегтен басым түсті. Ал 63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Мариан Ордабаева жапон спортшысын ұтып, Азия чемпионы атағын иеленді.

Ерлер арасында 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Елдос Сметов финалда өзбек дзюдошысы Диорбек Урозбоевтан күш асырып, құрлық жеңімпазы атанды.

Сондай-ақ, қазақстандық Елдос Жұмаханов 66 келіде қола медальға ие болса, Дидар Хамза 73 келіде күміс жүлдегер атанды.

Дзюдодан Азия чемпионаты әлі жалғасып жатыр.

ДереккөзАзаттық