Құрылыс саласы бойынша 7561 шаршы метр тұрғын үй кіріске алынып, құрылыс жұмыстарының көлемі 9215 миллион теңгені құрады. 2016 жылмен салыстырғанда жұмыс көлемі 129%-ға артты.
Өткен жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 140,6 миллион теңгеге Үшарал қаласында көп қабатты 20 пәтерлі тұрғын үйлер қолданысқа берілді. 6 елді мекендерде 128 миллион теңгеге учаскелік полиция пункті, 2 елді мекенде 34,7 миллион теңгеге ветеринарлық пунктінің құрылысы салынды.
«Ауданда көп қабатты тұрғын үйлер салуға бөлінген 22 гектар жерге және жеке меншік тұрғын үйлер салуға бөлінген 150 гектарға инженерлік-коммуникациялық жүйесін жүргізуге жобалау сметалық құжаттарын даярлауға 20,6 миллион теңге бөлініп отыр», — дейді Әлібек Әскербекұлы.
Сонымен қатар, ағымдағы жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында Үшарал қаласында 447 миллион теңгеге 60 пәтерлі жалдамалы тұрғын үй және 274 миллион теңгеге 13 елді мекенде учаскелік полиция пункті мен жапсарлас тұрғын үйі салынып, пайдалануға беріледі.
Үшарал қаласына 20 пәтерлі жалдамалы 2 тұрғын үй құрылысын салу жоспарлануда. Достық ауылына 20 пәтерлі жалгерлік тұрғын үйі мен спорт сауықтыру кешені, ал Қабанбай ауылында 10 тұрғын үйдің құрылысын салу мәселесі қарастырылып жатыр.