Басты бетЖаңалықтарСіздің фобияңыз...

Сіздің фобияңыз қандай?

Фобия – адамның еркіне бағына бермейтін, нақты бір түсінігі жоқ қорқыныш. Оның белгілерін анықтау үшін арнайы зерттеудің қажеті жоқ. Ол белгілі бір жағдайда туындайды. Тіпті, сіз өз бойыңыздағы фобияны аңғармауыңыз әбден мүмкін.

Әлемде ең жиі тараған фобиялар:

  • аблутофобия — жүзуден қорқу
  • айлурофобия — мысықтардың әсерінен туындайтын үрей
  • акрофобия — биіктіктен қорқу
  • апифобия — аралардан қорқу
  • арахнофобия — өрмекшілерден қорқу
  • атихифобия — сәтсіздіктен қашу
  • аутофобия — жалғыздықтан үрейлену
  • аэрофобия — ұшудан қорқу
  • гамофобия —үйлену деген ойдан туындайтын қорқыныш
  • гемофобия— қаннан қорқу
  • гидрофобия — судан қорқу
  • глоссофобия — сахнадан жасқану
  • демофобия — көп адамның ортасынан қашқақтау
  • дентофобия — тіс дәрігерінен жасқану
  • коулрофобия — сайқымазақтар туғызатын үрей
  • кинофобия — иттерден қорқу
  • филофобия — ғашық болудан қорқу
  • эниссофобия — сыннан жасқану

Емі бар ма?

Дәрігерлер көп жағдайда анидепресанттар мен тыныштандыратын дәрілер қолдануды ұсынады. Тек осылар ғана миды қалыпты күйге түсіріп, қорқыныш, қуаныш секілді сезімдерге селқос қарауға мүмкіндік береді.

Ал сіз қорқынышыңызбен қалай күресіз?

Тоқты – Клаустрофобия. Фобияның кең тараған түрі. Клаустрофобия тар немесе жабық кеңістік фобиясы. Қорқыныштың бұл түрін арнайы психотерапиялар арқылы емдеуге болады.

Торпақ – Геронтофобия. Қарт кісілерге деген дискриминациялық көзқараспен сипатталатын фобия түрі. Пайда болу себептері: ұсқынын жоғалту, жалғыз қалудан, біреуге масыл болудан қорқу. Психотерапевттің емдеуінен өткен кезде бұл фобиядан айырылуға мүмкіндік жоғары.

Егіздер – Трипанофобия. Дәрі егуден қорқумен сипатталатын аталмыш фобиямен американдықтардың 10 пайызы, орта Азия елдерінің 20 пайыз егде тартқан кісілері қиналады екен.

Шаян – Аэрофобия. Ұшу аппараттарын пайдаланудан қорқу. Бұл фобия көбіне 25 жастан асқан соң байқалады. Ғаламшар тұрғындарының 25 пайызы аталмыш фобиямен қиналады екен. Аэрофобия Клаустрофобияның бір симптомы ретінде көп кездеседі. Аэрофобияны емдеудің тиімді тәсілі психологиялық релаксациялар жүргізу және «виртуалды шынайылық» әдісімен емдеу.

Арыстан – Дентофобия. Стоматолог, дантист сынды дәрігерлерден ем қабылдаудан қорқумен сипатталатын фобия түрі әлемде 3 адамның біреуінде кездеседі. Фобияның бұл түрін емдеуде психологиялық араласу міндетті түрде керек.

Бикеш – Инсектофобия. Жәндіктер мен буынаяқтылардан қорқумен бейнелетін бұл фобия әртүрлі жаста кездесе береді. Көп кездесетін түрі арадан қорқу және құмырсқадан қорқу.

Таразы – Герпетофобия. Жиі кездесетін фобия түрі. Бауырымен жорғалаушылардан қорқыныш сезімі бұл фобия иегерлерінде әртүрлі реакция береді. Кейбіреуі үшін бұл тек сәл ғана қолайсыздық тудырса, енді бірінде паникалық үрей тудырады.

Сарышаян – Аграфобия. Бұл фобия көбіне әйелдерде кездеседі. Балалық шақтаға стресспен сипатталады.

Мерген – Аутофобия. Жалғыздықтан қорқу. Бұл фобия көбіне коммуникалды адамдарда кездеседі. Бұл фобияға көбіне егде тартқан ер кісілер шалдығады. Емделу жолдарына психологиялық ойындар мен тренингтерді қоса психологиялық сұхбаттасуды жатқызамыз.

Тауешкі – Агорафобия. Кең кеңістіктен, адамдардың үлкен тобынан қорқыныш үрей тудыратын фобия түріне 20-25 жастан асқан адамдар шалдығады. Агорафобия көбіне дискомфортпен сипатталады.

Суқұйғыш – Алгофобия. Ауыру сезімінен қорқуға бағытталған фобия түрі. Көбіне бұл фобияны депрессия немесе ұйқысыздықпен шатастырады. Пайда болу себебі өмірлік тәжірибесіндегі кездескен өте қатты ауыру сезімі болып табылады.

Балықтар – Спектрофобия. Айнадан өзінің бейнесін көруден қорқатын өте сирек кездесетін фобия түрі. Өзін-өзі танумен қоса өзін-өзі қанағаттандыруға байланысты пайда болады.