Наталья Годунованың өкілеттігі тоқтатылды

«ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Наталья Николаевна Годунованың өз еркімен өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы өтініші Парламент Мәжілісіне келіп түсті. Елбасының биылғы 20 ақпандағы Жарлығымен Годунова Республикалық бюджеттің  атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрайымы болып тағайындалғанын атап өткен жөн», — деді Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Нұрлан Әбдіров.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Президентінің Жарлығымен Наталья Годунова Республикалық бюджеттің  атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрайымы болды.

Бұған дейін 2017 жылы желтоқсанда ҚР Парламенті Мәжілісінің пленарлық отырысында Н. Годунова ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшеcі лауазымына тағайындалған еді.

Дереккөзkazinform.kz