Өңір басшысының бұрынғы орынбасары Бауыржан Қасенов басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды.
Болат Бақауов ауылшаруашылық мәселелері жөніндегі жаңа орынбасарын бүгінгі аппарат жиналысында таныстырды. Облыс әкімі атап өткендей, Дәурен Мақажановтың кандидатурасы ҚР Президенті Әкімшілігімен келісілген.
Дәурен Мақажанов 1980 жылы дүниеге келген. 2001 жылы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Экономист-менеджер» мамандығы бойынша, 2007 жылы А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін «қаржы магистрі» мамандығы бойынша тәмамдаған. Экономика ғылымдарының кандидаты.
Еңбек жолын 1999 жылы СҚО Қызылжар ауданы әкімінің аппаратында бас маман ретінде бастаған. 2001-2009 жылдары екінші деңгейлі банктерде: «Казкоммерцбанк» ААҚ, «АТФБанк» АҚ, «Альянс Банк» АҚ-да басшылық қызметтер атқарған. 2009-2015 жылдары «Қазақстан ипотекалық несиелерді кепілдендіру қоры» АҚ, «ҚазАгроФинанс» АҚ, «ҚазАгро» ұлттық басқару холдингі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, «Аграрлық несиелеу корпорациясы» АҚ басқарма төрағасы болған.
Қазіргі қызметіне дейін «Агрофуд Береке» ЖШС директорының орынбасары қызметін атқарған.