Астанада Дүниежүзілік ислам экономикалық форумы өтеді

Астана ХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетовтің айтуынша, тұсаукесер рәсімі 5 шілде күні өтеді.

«Тұсаукесер рәсімі 5 шілде күні ЭКСПО аумағындағы Конгресс-Орталық ғимаратында өтеді. Ресми ашылудың алдында «Астана» xалықаралық қаржы орталығын дамытудың стратегиялық бағыттары бойынша пленарлық сессиялар ұйымдастырылады. Соның ішінде XIII Дүниежүзілік ислам экономикалық форумы бар. Дәл сол кезде Назарбаев орталығында «Астана» қаржы орталығының құқықтық мәселелері бойынша алғашқы Халықаралық конференция өтеді», — деді «Астана» ХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетов.

Оның айтуынша, бүгінде қаржы орталығының инфрақұрылымы мен тиісті органдары құрылды. Соның ішінде басқару жөніндегі кеңес, әкімшілік, қаржылық қызметтер жөніндегі комитет, биржа, сот пен xалықаралық төрелік бар. Ал шетел азаматтарының визалық мәселелерін шұғыл шешу үшін Экпат орталығы ашылды.

ДереккөзInform.kz