Басты бетАс содасының...

Ас содасының көмегімен арықтауға бола ма?

Ас содасының пайдасы қандай?

Біздің ас содасы деп атап жүрген ұнтағымыздың ғылыми атауы — бикарбонат (гидрокарбонат) натрийі. Оның пайдасы:

  • Жәндіктер шағып алғанда көмектеседі;
  • Тісжегінің дамуын бәсеңдетеді;
  • Бүйрек аурулары кезінде пайдалы. Бірақ оны қалай қолдану керек екенін дәрігерден сұрау керек;
  • Асқазан қыжылын басады;
  • Қайызғақты жояды;
  • Құрғақ сусабын ретінде қолдануға болады.

Ас содасының «ғажайып» құрал екенін адамдар бұрынғы заманнан бері біледі. Ежелгі египеттіктер оны параллельді әлеммен байланыстырады деп сеніп, шайнап жүретін болған. Ал 13 ғасырда өмір сүрген алхимик ғалым Альберт Великий оны жастық эликсирінің маңызды элементі деп санаған.

Бұның бәрі соданың химиялық қасиеттеріне байланысты. Оны суға араластырса, көпіршіктер пайда болатынын бәріміз білеміз.

Осы жерде ескерту: барлық тағамдар құрамындағы қышқылдың деңгейіне (pH-фактор) байланысты адамға әртүрлі әсер етеді. Мысалы, қышқылы жоғары тағамдар мен сусындар (pH<7) ағзаны ісіндіріп жібереді. Ал қышқылы аздар (pH>7), керісінше, ісікті басып, ағзаның жай-күйін жақсартады.

Соданың көмегімен арықтауға бола ма?

Бұл сауалға біржақты жауап алу қиын. Жалпы, бикарбонат натрийін арықтататын құрал ретінде пайдалану химиктердің оның ағзаға түскендегі «әрекетін» зерттеуінен шықты. Олар соданың натрий мен көмірқышқыл газға айналатынын анықтады. Көмірқышқыл газ болса, липолиз (майды ыдырату) процессін тездетеді.

Бірақ бұның барлығы — теория!

Тәжірибе сода коктейльдерінің артық салмақтан арылуға ешқандай көмегі жоқ екенін көрсетеді. Себебі оның артық майға әсері өте аз.

Ас содасының зиянды жақтары да бар. Әдетте, оны асқазандағы қыжылды басу үшін қолданады. Дегенмен, жиі іше берсе, гастрит пен асқазан жарасын тудыруы мүмкін. Сол себепті тек керек кезде ғана (мысалы, асқазан қыжылын басу үшін) бір рет қолдануға болады, бірақ күнделікті әдетке айналдырмаған жөн. Оған қарағанда содамен ванна қабылдау пайдалырақ. Ол үшін жарты стақан ас содасын жылы сумен араластырып, сонда 15-30 минут жату керек. Ғалымдардың пікірінше, оның бірнеше пайдасы бар:

  1. Шаршағанды басады;
  2. Қан айналымын тездетеді;
  3. Экзема, псориаздың пайда болу қаупін төмендетеді;
  4. Қынаптағы pH-факторын қалыпқа келтіруге көмектеседі.

Сонымен бірге, бұндай ваннадан кейін салмағыңыз жарты, бір килограммға төмендегенін байқауыңыз мүмкін. Бірақ бұл — уақытша әсер ғана. Салмақтың түсуі ағзадағы сұйықтықтың азаюына байланысты: сода адамды терлетеді. Су ішкен соң салмақ қайтып келеді.

Ескерте кетейік: теріде ашық жаралар болса, бұндай ваннаны қабылдамаған жөн.

Ас содасын қалай қолдану керек?

Ас содасын асқазандағы қышқыл мөлшері аз адамдарға қолдануға болмайды. Оған қоса:

Жоғарыда аталғандардың ешқайсы сізде болмаса да, соданы абайлап қолдану керек. Мысалы, оны дәрі қабылдаған соң екі сағат ішінде ішуге болмайды. Себебі сода азқазандағы қышқылды азайтады да, дәрі дұрыс сіңбей қалады. Сондықтан бикарбонат натрийін тек дәрігерден кеңес алған соң ғана қолданған жөн.