Қант диабетімен ауыратындарға арналған қосымша жасалады

«Бұл дəрігерлердің, эндокринолог мамандардың уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді. Қосымша көмегімен көптеген мәселелер онлайн шешілуі мүмкін. Яғни, адамдарға ауруханаға келіп, кезекте тұру қажет болмайды», — деді Біртанов

Министрдің айтуынша, мобильді қосымша тексеру сапасын арттыруға, пациенттердің дəрі-дəрмекті уақытылы қабылдауын қадағалап, диета режимі мен дене белсенділігін жақсартуға мүмкіндік береді.

Статистикаға сүйенсек, Қазақстанда 300 мыңнан астам пациент қант диабетіне шалдыққан. Ал ауруы анықталмағандарды есептегенде олардың саны 2 есеге артуы мүмкін. Жəне пациенттер саны жыл санап артып келеді.

ДереккөзBaq,kz