Тар заман

Режиссері: Мұрат Бидосов

Шығарған ел: Қазақстан

Оқиға желісі Алашорда үкіметін құру жолындағы ортақ мұратқа топтасқан алаш зиялыларының өмірінен құрылады. Басты кейіпкердің бірі Әлихан Бөкейхановтың тартысқа толы драмалық кезеңі суреттеледі. Оның ел үшін күрескен еңбегі, айналасына топталған тарихқа белгілі тұлғалармен байланысы, көзқарасы мен ұстанымы, махаббаты мен тағдыры көркемдік шешімдермен өріледі.

Алашорда үкіметін құру барысындағы тартысты пікірлер мен екі топқа бөлінген алаш зиялылары арасындағы саяси қарым-қатынас, сатқындық, мүделлер қақтығысы да көрсетіледі. Омбы мен Семейдегі оқиғалар, Алаш әскерінің құрылуы, Сталиннің Әлиханды Мәскеуге алдыруы, абақтыдағы тергеу істері қамтылады. Қазақ даласының Ақпан төңкерісін қалай қабылдап, Қазан төңкерісінен кейін неге екіге бөлінгені негізгі оқиғаға арқау болды. Әлиханның алаш жұрты ұстануға тиісті бес ұстанымы төңірегіндегі аманат ойларымен түйінделеді.

Дикий

Режиссері: Лин Одинг

Шығарған ел: Канада

Джо Брейвен — қарапайым орманшы. Ол АҚШ пен Канаданың шекарасындағы тауда тұрады. Бір күні оның тыныш өмірі 180 градусқа өзгереді. Жан-жануардан өзге ешкім аяқ баспайтын орманға есірткі сатумен айналысатын бұзақылар тұрақтайды. Олар бұл орманда Джо сияқты қауіпті адам тұратынынан хабарсыз. Себебі ол — отбасын қорғау үшін бәріне дайын. Тіпті адам өлтіруге де…

О чём говорят мужчины. Продолжение

Режиссері: Флюза Фархшатова

Шығарған ел: Ресей

Леша, Слава, Камиль мен Саша бұл жолы Питерге барады. Жолда пойыздарынан қалып қояды да плацкартпен кетеді. Олар дүйсенбіге дейін барлық проблемаларын ұмытуға дайын. Тіпті таңғы 5-те текила-бум ішуге де әзір. Бастысы көңіл көтерсе болды.

Ночные игры

Режиссерлері: Джонатан М. Голдштейн, Джон Фрэнсис

Шығарған ел: АҚШ

Макс пен Энни достарымен бірге әр апта сайын «түнгі ойын» ұйымдастырады. Сондай күндердің бірінде Макстың ағасы Брукс ерекше квест ойнауды ұсынады. Онда ойынға қатысушылар жоғалған адамды табуы керек. Кімнің жоғалатыны белгісіз. Бәрі келіскенімен, уақыт өте келе оның ойын емес екенін түсінеді. Олар тіпті кімге қарсы ойнап жатқанын да білмейді. Ойында ереже де жоқ. Бұл олардың ең соңғы түні болуы мүмкін…

Секретное досье

Режиссері: Стивен Спилберг

Шығарған ел: АҚШ

«Вашингтон пост» газетінің басшысы Кэтрин Грэм пен редакторы Бен Брэдли «Нью-Йорк таймс» газетімен бәсекеге түседі. Олар 30 жыл бойы ешкімге айтылмаған мемлекеттік құпияны жарияламақ. Басты мақсат — халыққа шындықты жеткізу. Журналистер ол үшін бас бостандығы мен мансабын да тәуекелге тігеді.

Недруги

Режиссері: Скотт Купер

Шығарған ел: АҚШ

Соғыс кез келген адамның қанын қарайтып жібереді. Картинаның кейіпкері де осы қанды қырғынды бастағандарды өлердей жек көреді. Ол бір тайпаның «Желтый Ястреб» деген көсемін Монтанаға аман-есен жеткізу туралы бұйрық алады. Жолда оларды қан көксеген жаулары мен бұзақылар күтуде. «Көз алдыңда қан төгіліп жатқанда, өзің адам өлтіргенде хайуанға айналасың»,- дейді кейіпкер.

Гномы в доме

Режиссерлері: Питер Лепениотис, Шелли Шеной

Шығарған ел: Канада

Ескі үйдің кішкентай құпиялары бар екенін ешкім білген жоқ. Бұндағы бақ гномдары Жерді қатыгез троггтардан қорғап келеді. Енді бұл үйдің тұрғындары да бұл соғысқа қатысуға қатысуға мәжбүр…

Все деньги мира

Режиссері: Ридли Скотт

Шығарған ел: АҚШ

Әлемде Пол Геттиден бай адам жоқ. Оның туысқаны болу — бай болу деген сөз. Бір күні оның немересін римдік банда ұрлап, ақша талап етеді. Алайда мұнай магнаты олармен келісімге келуден бас тартады. Енді баланың анасының бар үміті Геттидің қауіпсіздік қызметінің құпия қызметкерінде. Ол байдың немересін аман-сау құтқара ала ма?

До свидания там, наверху

Режиссері: Альбер Дюпонтель

Шығарған ел: Франция

Бірінші дүниежүзілік соғыстың соңғы күндері. Капитан Прадель үшін адам өмірі құнсыз. Ол екі қатардағы жауынгер — миллионердің ұлы, жас суретші Эдуар Перико мен бұрыншы хат тасушы Альбер Мэйларды жау жаққа тапсырмамен жібереді.

Эдуар Альберді құтқарамын деп, бетін қатты жарақаттап алады. Енді ол бұл түрімен әкесінің сарайына қайта алмайды. Сол үшін өзін өлді деп жариялайды да, бетіне маска киіп, соғыс туралы сурет сала бастайды. Сөйтіп, «жүзі жоқ адамға» айналады.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!