Басты бетЖаңалықтарСайтта пікір...

Сайтта пікір қалдыру үшін SMS хабарлама арқылы тіркелу қажет

«Бұл ұсыныс әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстегі өзгерістерге, яғни «ақпараттандыру туралы заңнаманы бұзу туралы» 641 бапқа байланысты. Онда интернет ресурсты қолданушыларға талаптар қойылады. Яғни қолданушы пікір қалдыру үшін SMS хабарлама және телефон нөмірі арқылы өзін сәйкестендіру керек. Телефон нөміріне келген кодты пікір қалдырушы интернет ресурсқа енгізеді, содан кейін пікір қалдыра алады», – деді ҚР АКМ байланыс, ақпараттандыру және БАҚ саласындағы мемлекеттік бақылау комитеті төрағасының орынбасары Михаил Комиссаров.

Оның сөзінше, кейбір мақалалар аясында «ақпараттық соғыстар» пайда болады.

«Көбінесе пікірлердің мәдениетке сай келмейтін формалары қолданылып, ұлтаралық араздықты туындатып жатады. Егер әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылық белгілері анықталатын болса оған құқық қорғау органдары араласатын болады. Біздің ойымызша, интернет ресурстарда сәйкестендіру нормасын енгізсек көптеген негативті талқылаулардың саны азаяды, әрі қолданушылар тіркелер алдында қандай пікір жазатынын ойланады», – дейді министрлік өкілі.

Ал пайдаланушы туралы ақпаратты орналастыру нақты немесе жалған аты (лақап аты) арқылы жүзеге асырылады. Бұдан бөлек пікір қалдырған адам қолданушы келісімін бекіткеннен кейін және оны бұзғанға дейін ақпаратты сақтауға міндетті.