Өңірлік Ішкі Істер Департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, соңғы уақытта полицейлерге алғаш рет пәтер беріліп отыр.
«Аудандық ішкі істер бөлімінің 9 қызметкеріне жаңа пәтер кілті берілді. Пәтер жалдап келген олардың отбасылары көпбалалы санатқа жатқызылады. Соңғы жылдарда алғаш рет полицейлерге бір мезетте бірнеше пәтер беріліп отыр. 2016 жылдың соңы — 2017 жылдың басы аралығында облыстық әкімдік ІІД қызметкерлеріне 21 пәтер бөлді. Екі жылдан бері ІІД қызметкерлері мен басшылығының баспана мәселесі шешімін тауып отыр. Қазіргі уақытта 72 адам пәтер жалдауға үстемеақы алды», — деп хабарлайды өңірлік ІІД-нің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, Атырау облыстық ІІД қызметтерінде 200-ден астам бос орын бар. Полиция қатарында жұмыс істеуге адамдардың келмеуіне баспана алу мәселесі басты себеп болып отыр екен.