«Қазгидромет» РМК синоптиктерінің болжамынша, бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады.
Жамбыл облысының кей жерінде тұман болып, желдің күшеюі 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, оңтүстік-батыста 30 м/с аса болуы ықтимал.
Алматы облысының кей жерінде тұман, Жалаңашкөл ауданында желдің күші 18-23 м/с, күндіз екпіні 28 м/с жетеді.
Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерінде желдің күшеюі 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с жетеді. Қызылорда облысының кей жерінде көктайғақ болуы мүмкін.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде тұман түсіп, күндіз кей жерде жел 15-25 м/с күшеюі ықтимал.
Ақтөбе облысында Мұғалжар ауданында түнде жел 18 м/с күшейеді.
Маңғыстау облысында тұман, көктайғақ болуы мүмкін.
Батыс Қазақстан облысында тұман, жаяу бұрқасын болады.
Ақмола, Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерінде тұман түседі.