Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Яссауи хикметтерінің 100-ден астам қолжазба нұсқасы басылып шығады

©kk.wikipedia.org

Облыс әкімінің айтуынша, биыл Қожа Ахмет Яссауи мұрасының XVI-ғасырда көшірілген хикметтерінің 100-ден астам қолжазба нұсқасын  жариялау арқылы түркі дүниесінің рухани тұтастығын қамтамасыз ету көзделіп отыр.

«Ағымдағы жылы облыста «Қымызмұрындық», «Қауын fest», «Агро fest», «Ақсу-Жабағылының алқызыл қызғалдағы», «Туған жерге тағзым» тақырыптарында дәстүрлі түрде өтетін ерекше жобалар қолға алынады. Олардың қатары Шардара ауданының туристік әлеуетін көтеру мақсатындағы туристік форум және «Safari Shardara» іс-шаралары мен Сарыағашта гольфтен «Open Saryagash» жарысымен жалғасатын болады»,- деді Жансейіт Қансейітұлы.

Облыс әкімінің сөзінше,  ЮНЕСКО-ның  «Ұлы Жібек жолы ескерткіштері» номинациясы бойынша өңірде 8 ескерткіш бар. Олар — Сауран, Түркістан, Сидақ, Қараспан, Жуантөбе, Күлтөбе, Отырар, Бөржар ескерткіштері.

«Көне Түркістан» тұжырымдамасы 3 кезеңде жүзеге асырылатын болады. Ал, Ордабасы тауында үш биге монумент орнатылса, «Қазығұрт тауы» жобасының тұжырымдамасы дайындалу үстінде. Бұл екі тауда туристік инфрақұрылымдар қарастырылып, сондай-ақ киелі, қасиетті орындарды аяқасты етпеу жақтары ескеріліп отыр.

Аймақ басшысы сондай-ақ есептік жиында Отырар қалашығы мен Арыстанбаб кесенесін байланыстыратын ежелгі жолды қайта жаңғыртып, оның бойында ұлттық қолөнершілердің шеберханалары бой түзейді деп алдағы жоспарлармен бөлісті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *