2015 жылдың 16 қарашасында таңғы сессия кезінде алғашқы келісім 308,2 теңгемен басталды. Бұл ең төменгі баға болды. Ең жоғарғы баға — 308,45 теңге. Сауда көлемі 72,5 миллион доллардан асты. Саудаға валюта нарығының 21 мүшесі қатысты. Ақша айырбастау орындарында доллар 307-310,3 теңге аралығында сатылып жатыр.
Еске сала кетейік, 5 қарашада Ұлттық банк резервтерді сақтау үшін ішкі валюта нарығына қатысуын қысқартатыны туралы мәлімдеме жасады. Теңгенің айырбастау бағамының бұдан былайғы серпіні негізінен әлемдік қаржы және тауар нарықтарындағы баға ахуалының серпінімен айқындалатын факторлардың әсерінен қалыптасатын болады.