Алдағы уақытта спортшыларымыз ауыр және жеңіл атлетика спорты түрлері бойынша сынға түсіп, қоржынымызды тағы да бірқатар жолдамаларға толтыру көзделуде. Осылайша, Олимпиада ойындарына ұлттық құрама сапында 15-тен астам оңтүстікқазақстандық спортшылар қатысады деп жоспарланып отыр.
Айта кетейік, жыл басынан бері облыс спортшылары Әлем чемпионаттары мен Кубоктарына қатысып, 4 алтын, 2 күміс және 1 қола медаль жеңіп алса, Азия чемпионаттарында 2 күміс және 2 қола медальге ие болды.
Өңірдің оғландары осы уақыт аралығында 59 спорт түрі бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаттары мен біріншіліктеріне қатысып, 201 алтын, 182 күміс, 219 қола медальға қол жеткізді.
Оңтүстік Қазақстан облысынан спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасының негізгі құрамында 411 спортшы, жастар құрамасында 415 спортшы, жасөспірімдер құрамасында 263 спортшы, жалпы 1089 спортшы бекітілген.
Спорт түрлері бойынша ұлттық құрама сапына енген 110 спортшыға ай сайын стипендия төленуде.