Бекжан Әлімқұлов С. Демирел атындағы университетте ақпараттық жүйелер, ал Еуразия Ұлттық университетінде заңгер мамандығы бойынша білім алған. Кейіпкеріміз оқып жүріп, Қазақстан темір жолының “Ремлокомотив” компаниясында заңгер болып жұмыс істейді. Ол жерде шетелдік және жергілікті ұйымдармен заңдық қарым-қатынастарды реттеуге атсалысып, ҚТЖ мен «Siemens AG» компанияларының бірігуінен пайда болған «Temir Zhol Electrification» ұйымының құқықтық мәселелер жөніндегі директоры қызметіне тағайындалады.

Жұмыс істеген бір-екі жыл ішінде шетелдік компаниялармен қалай жұмыс істеу керек, елімізде зауыт ашу үшін нені білу шарт секілді сұрақтар бойынша біраз тәжірибе жинадым. «Temir Zhol Electrification» ұйымының құқықтық мәселелер жөніндегі директоры қызметінде жүргенде, кореялық әріптестермен бірігіп, Астанада бетоннан жол төсеніш тастарын (брусчатка) шығаратын зауыт ашуды қолға алдық.

Бекжан Алимкулов
©Фото кейіпкердің жеке мұрағатынан

Ол кезде Астанамызда бетондық өнімдер шығаратын үш үлкен зауыт жұмыс істеп тұрған. 2014 жылы Бекжанның бастамасымен  “Арутас” бетондық өнімдер зауыты төртінші өндіріс орны ретінде нарыққа кірді.

Зауытты іске қосқан жылы жұмыс істеу қиынға соқты. Аяққа тұрып, алға қойған жоспарды жүзеге асыруда көптеген кедергілер кездесті. 2015 жылы «Арутас» бетондық өнімдер шығаратын зауытының директоры болып тағайындалдым. Содан жұмысты қолға алдық. Маркетинг бөлімі жүйеге келіп, сату бөлімі реттелді. Зауыт жұмысы қарқынды дамып, айналым бес есеге көбейді. Төрт жыл ішінде көрсеткішіміз жақсарып, компанияны инвесторлықтан шығарып, толықтай өз қолыма алдым.

Қазіргі таңда “Арутас” еліміздегі ең модеренизацияланған автоматтандырылған зауыттардың бірі. Кәсіпкердің айтуынша, бетондық материалдар өндіруде жаңа екі мәрте вибросығымдау (двойная вибропрессовка) технологиясы қолданылады.

Алғашында зауыт тек бетондық жол төсеніш тас өндірумен айналысатын. Кейін қосымша цех ашылды. Зауытта негізгі массивті өнім шығарылса, цехте проребрик (құрылысқа қажетті бөлшектеп сатылатын бетон өнімі, кішкентай жиектас) жасалады. Алайда, біраз уақыт өткен соң өнеркәсіп онымен шектелмей, ғимарат қабырғаларын қалауға арналған кірпіш (газоблок) өндіретін екінші цех ашылады. Осылайша, төрт жыл ішінде зауыттың негізгі фокусы өндіріске ауысты. Астана — құрылыс саласы дамыған алдыңғы қатардағы қалалардың бірі. Сондықтан зәулім ғимараттар, архитектурасы ерекше мекемелер, тіпті Экспо үшін де құрылыс материалдарына деген қажеттілік туды. Сол себепті өндіруші компаниялар, әсіресе бетондық материалдар өндіретін зауыттарының жұмысы алға жылжыды. Қазіргі таңда “Арутас” — еліміздегі ең модеренизацияланған, автоматтандырылған зауыттардың бірі. Мысалы, бетондық материалдар өндіруде екі мәрте вибросығымдау  жаңа технологиясы қолданылады. Бұл әдіс зауытта жартылай сығымдалған құрғақ қоспаны (полусухая смесь) екі рет термоылғалды пеште кептіру арқылы жүзеге асады. Ал ескі  өңдеу әдісімен цехте қоспа резеңке қалыптарға құйылып, арнайы виброүстелге қойылады. Виброүстелдің дірілдеуінен құйма бірқалыпқа келіп, орнығады. Содан ол пеште 6-8 сағат кептіріледі. Жаңа екі рет вибропресстеу әдісі бұрыңғы әдіске қарағанда жер төсеніш тастардың беріктігін, сапасын арттырады.

Бекжан Алимкулов
Фото ©Асия Смайыл, baribar.kz

Бекжан зауыт жұмысымен қатар, мемлекеттің әлеуметтік істерімен де айналысуды жөн көреді. Қазір, ол «Жас Отан» Орталық кеңесіне Астана қаласынан үміткер атанып, сайлауға қатысып отыр.

Студенттік шағымда қоғамдық істерге жиі араласатынмын. Әртүрлі еріктілер клубында жұмыс істеп, қайырымдылық, әлеуметтік шараларға белсенді қатыстым. Енді “Жас Отан” орталық кеңесіне мүше болуға Астана қаласы атынан үміткер атанып отырмын. Сайлауда жеңіске жетсем, жастардың арасында кәсіпкерлікті дамыту, оларды жұмыспен қамту жобасын, туризмді алға тарту жоспарын жүзеге асырғым келеді. Мысалы, әр университеттен жыл сайын жүз студенттен алып, Қазақстанның тарихи, табиғаты көркем жерлеріне апарып, аралатқым келеді. Сонда бір жылда бес жүз мыңға жуық студент еліміздің туристік аймақтарын саяхаттайды. Мұндай сапардан кейін еліміздің сокральді аймақтарында кәсіпкерік дами бастайды деп ойлаймын. Екіншіден, Қазақстанның әр түкпірінен келген студенттер отандық туристік аймақтарды көрсе, патриоттық сезімі ұлғаяды. Ал Отанына махаббаты артқан адамның еліне әкелер пайдасы мол болары сөзсіз.

Оқуға кеңес берген кітаптар:

  • “Философия гостеприимства Four Seasons. Качество, сервис, культура и бренд”, Изадор Шарп
  • “Моя жизнь, мои достижения”, Генри Форд
  • “Карьера менеджера”, Якокка Ли
  • “Четвертая промышленная революция”, Клаус Шваб
  • “Стив Джобс”, Уолтер Айзексон
  • Махатма Гандидің автобиографиясы

Автор: Аида Арманқызы

Материал ҚР Заңнамасына сәйкес қорғалған. Барлық авторлық құқықтар BARIBAR.KZ интернет-порталына тиесілі. Материалдың кез келген бөлігін көшіру, тарату үшін редакцияның жазбаша рұқсатын алу қажет.