Стамбул Шехир университеті қазақстандық студенттерге келесі мамандықтар бойынша оқу гранттарын ұсынды: Іскерлік әкімшілік магистрі (1 жыл), Қаржы саласындағы MBA (1 жыл), Банк салсындағы МВА (1 жыл), Өнеркәсіптік және жүйелі инженерия салсындағы магистр (2 жыл), Электротехника және компьютерлік техника салсындағы ғылымдар магистрі (2 жыл), Деректер туралы ғылым магистрі (2 жыл).
Толық тегін оқуға 4 грант, 70% жеңілдікпен оқуға — 10 орын, 50% жеңілдікпен оқуға (тұру, тамақтану, медициналық сақтандыру, көлік шығындарын қоспағанда, оқу ақысы — 4000 доллар) — 40 орын қарастырылған. Айта кетерлігі, 2008 жылы негізі қаланған Стамбул Шехир университеті Түркиядағы беделді университеттерінің бірі.
Қазіргі уақытта ЖОО-да 5 мың студент білім алуда, оның 18 пайызы шетелдік студенттер. Оқу 2018 жылғы наурыз айының басында басталады.